Бокстан әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатында біздің қыздардың қарсыластары анықталды деп хабарлады turkystan.kz bassport.kz сайтына сілтеме жасап. Жеребе қорытындысы: 48 келі: Алуа Балқыбекова - Кей Ван Чи Вай (Сингапур); 50 келі: Назым Қызайбай - Тхи Там Нгуен (Вьетнам); 52 келі: Жазира Орақбаева - Чан Ча-Сун (Тайвань); 54 келі: Жайна Шекербекова - Аэ Жи Им (Оңтүстік Корея) / Мария дель Кармен Мадуэно (Испания); 57 келі: Карина Ибрагимова - Намуун Монхор (Моңғолия) / Валерия Арболеда (Колумбия); 60 келі: Римма Волосенко - Ситора Тұрдыбекова (Өзбекстан); 63 келі: Аида Әбікеева - Ургуя Ус (Түркия) / Ян Ченгю (Қытай); 66 келі: Надежда Рябец - Сен Суджин (Оңтүстік Корея); 70 келі: Мадина Нұршаева - Хонг Ген Чой (Оңтүстік Корея); 75 келі: Валентина Хальзова - Мариэлис Ириса (Венесуэла); 81 келі: Фариза Солтай - Лианн Будрем (Тринидад және Тобаго); +81 келі: Ләззат Күнгейбаева - Абиола Джекман (Гайана) / Нупур (Үндістан). Айта кетейік, әлемдік дода 15-26 наурыз аралығында Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтеді. 15 наурызда турнирдің ашылу салтанаты, жеребе тарту рәсімі және салмақ өлшеу шарасы ұйымдастырылады. 16-22 наурыз аралығында екі сессия бойынша боксшылар қолғап түйістіреді. Елорда уақытымен 14:30-да - күндізгі, 18.30-да кешкі сессия болады. 23 наурызда жартылай финал өтеді, ал жаңа әлем чемпиондары 25-26 наурызда анықталады.
Жүктелуде...