Шарф таққан адамның жүрек ауруына шалдықпайтыны рас па?

Шарф таққан адамның жүрек ауруына шалдықпайтыны рас па?

Шарф таққан адамның жүрек ауруына шалдықпайтыны рас па?
ашық дереккөзі
50463

Қыс мезгіліндегі ауа райының суық болуы адам жүрегіне көп салмақ түсіреді. Өйткені ағзаны жылумен қамтамасыз ету үшін жүрек жылдам жұмыс істеп, артериалды қан қысым көтеріледі. Мұның бәрі жүрекке салмақ түсірері анық. Соның ішінде қанында холестерин көп, ишемиялық жүрек ауруларына шалдыққандардың мазасы қашады деп жазды turkystan.kz.

Суық күннің қаупі:

– Жүрек ағзаны жылытамын деп қаттырақ жұмыс істейді;

– Артериалды қан қысымы көтеріледі;

– Қан айналымын күшейту үшін жүрекке тағы күш түседі;

– Адам денесі тоңған кезде, суықтан қан қоюланып, жүрек қанды айналдыра алмай, инсульт пен жүрек талмасы ұстауы мүмкін.

Ауа температурасы төмендеп, адам денесі суықты сезген сәтте, іштегі ыстықты ұстап қалуға жалма-жан кіріседі. Бірақ жүрегі ауыратын адамдарда бұл процесс баяу жүреді.

Суық ауа адам ішіндегі ыстықты алып қояды. Оның орнын толтыру үшін жүрек төтенше жұмыс істеуге кіріседі. Суықтан қан тамыры тоңып тарылып кетеді. Бұл да қан айналымын нашарлатады, – дейді мамандар.

Жүрекке қысым түсірмей, адам денесіндегі температураны дұрыс ұстап тұруға көмектесетін қарапайым тәсілдер бар. Соның бірі – шарф тағу.

Шарфты мойынға орап, ауыз бен мұрынды жауып жүрген өте пайдалы. Өйткені іштегі ыстықты шығармайды әрі сырттан суық ауа кіргізбейді. Суық ауа кірмегесін адам ағзасы тоңа қоймайды, жүрегі қалыпты жұмыс істемек. Егер шарф болмаса, оның орнына бетперде тағуға да болады.

Серіктес жаңалықтары