17 жастағы қостанайлық еліміздегі бойы ең ұзын қыз атануы мүмкін

17 жастағы қостанайлық еліміздегі бойы ең ұзын қыз атануы мүмкін

17 жастағы қостанайлық еліміздегі бойы ең ұзын қыз атануы мүмкін
ашық дереккөзі
«Дене шынықтыру» мамандығы бойынша жергілікті колледждің 2-курсында оқитын Аружан 17 жаста. Оның бойы екі метрге жуық. Ол Қазақстандағы ең ұзын қыз атануы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz. Аружан оқудан бөлек еріктілер қозғалысына қатысады.
«Үйде жеті ағайындымыз, мен бесіншісімін. Бойым әкеме тартқан. Оның бойы – 1 метр 95 см. Екі ағамның да бойы ұзын, бірақ менен сәл аласа», - деді Аружан. Ол өзінің бойымен мақтанатынын, тек киім таңдағанда ғана қиындық тудыратынын айтады.
«Аружан басқалараға қарағанда ірілеу болды. Оның бойы туған кезде 54 см, салмағы – 5,8 кг болды.  Мен қызымды мақтан тұтамын. Аружанның өскенде модель болғысы келеді. Біз де арманының орындалуына тілекшіміз», - дейді қыздың анасы Жаңагүл.