«Ауыл» партиясынан депутаттыққа кандидаттар мұнайшылармен кездесті

«Ауыл» партиясынан депутаттыққа кандидаттар мұнайшылармен кездесті

«Ауыл» партиясынан депутаттыққа кандидаттар мұнайшылармен кездесті
ашық дереккөзі
50321
Кандидаттар кен орнында вахтамен жұмыс істейтін мұнайшылармен, негізінен ҚайнарМұнайГаздың 40 шақты құрылысшысымен кездесті. Жиында ауылда тұратындардың мәселелері көтерілді. Жұмысшылар шалғай елдімекендерде тұратын халықтың балалары білім алатын мектеп-интернаттың жұмысы туралы, оның көп жерде тіпті атымен жоқ екенін айтты. Ауылдарға апаратын жолдың жоқтығы, болған күннің өзінде сапасы сын көтермейтіні де айтылды. Жиынға қатысушылардың ойынша, осының бәрі күн өткен сайын халықтың билікке деген сенімін төмендетіп, болашаққа деген үмітін ұрлауда. ​​​​​
«Бұл айтылған мәселенің барлығы «Ауыл» партиясының бағдарламасында бар және оны шешу жолдары да қарастырылған. Біздің саяси платформамызда экономика, денсаулық, білім және инженерлік инфрақұрылым мәселелері қордаланған ауылдық аумақтарға маңызды рөл берілген. Біздің Мәжіліске барғандағы бірінші көтеретін мәселелер қатарында ауылдардың инфрақұрылымын қалпына келтіру және дамыту, ауыл мен қала арасындағы білім және медициналық қызмет сапасы алшақтығын жою, әкімдер мен мәслихат депутаттары халық алдындағы міндеттерін орындамаған жағдайда, оларға ең қатаң жазалау шараларын қолдану бар. Біз мұның бәріне сіз бен біз біріккенде ғана қол жеткіземіз. «Ауыл» партиясына дауыс беріңіздер! Сіздердің мәселелеріңіз – біздің мәселе!», - деді жиынға қатысушылардың сауалдарына жауап беру барысында кандидат Ілияс Досқожаев.​

Серіктес жаңалықтары