Дүйсенбі, 27 Наурыз, 2023

Әлемдегі ең қарт төрешіні білесіз бе?

Теренс Уиттакер – әлемдегі ең егде жастағы төреші. Оның жасы – 85-те. 

Дербиширдің оңтүстік-шығысында орналасқан Шипли ауылында дүниеге келген қария еңбек жолын 1968 жылы бастаған. 15 жылға жуық ағылшын Премьер-лигасындағы ойындарға төрелік етті. Кейін кәсіби мансабын аяқтаған соң футболдан қол үзгісі келмей, аймақтық лигалардағы кездесулерге бас қазы болуды жөн санаған.

Ол жақында мерейлі 2082-ші ойынын өткізді. 85 жастағы білікті маман «Микливер Атлетик» пен «Баргейт Роверс» арасындағы финалдық кездесуде футболшыларды алаңға бастап шықты. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде онымен теңесетін төреші жоқ.

Әлемдегі ең қарт төрешіні білесіз бе?

Уиттакер тілшілерге берген сұхбатында таяу арада мансабын аяқтамайтынын айтты. Денсаулығы сыр бермесе, әлі біраз уақытқа дейін төрешілік еткісі келеді.

«Футбол алаңындағы жұмысыма көңілім толмаған күні мен бәрін тастауға дайынмын. Бірақ ол күнге дейін біраз уақыт бар секілді», – деп күлімдеді Теренс.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button