Оразаға орай бас мүфти қазақстандық кәсіпкерлер мен саудагерлерге үндеу жасады деп хабарлады turkystan.kz. Наурызбай қажы Тағанұлы әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын 10 пайызға дейін төмендетуді сұрады. Бұл туралы ол Астанада өткен Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының баспасөз мәслихатында айтты.
«Жақсы амалдарыңыз өздеріңізге еселеп жақсылық болып қайтатынында күмән жоқ. Мұндайда халқымыз: «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» демей ме?! Осы сәтті пайдаланып, барша қауымға қасиетті Рамазан айында арақ-шарап ішілмесе және дүкендерде сатылмаса, мүмкіндігінше құдайы астар кешкі ауызашар уақытында өткізілсе деген тілегімді жеткіземін. Алла Тағала Рамазанның құрметі үшін жасаған жақсы ісіміздің себебімен баршамызды жақсылыққа кенелткей», - деді бас мүфти үндеуінде.