Медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы жақсарады

Медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы жақсарады

Медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы жақсарады
ашық дереккөзі
50230
Петропавлда партиялық тізім бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Владимир Эрман көпсалалы балалар ауруханасының ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Кездесу барысында AMANAT-тың өкілі партияның Сайлауалды бағдарламасы туралы әңгімелеп, әлеуметтік салаға қатысты бастамалар туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.
«Біз денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды кезең-кезеңімен ұлғайтуға қол жеткіземіз. Медицина қызметкерлерінің еңбегі лайықты бағалануға тиіс. Медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын, медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша нақты іс-қимыл жоспарын ұсынамыз. Партия денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің мемлекеттің қамқорлығына алынуын қамтамасыз етеді. Біз сіздердің мәртебеңізді заң жүзінде бекітеміз және жұмыс жағдайын жақсартамыз», - деп атап өтті Владимир Эрман.
 width= Айта кетейік, Петропавлда медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін AMANAT партиясы «Береке» және «Жас Өркен» шағын аудандарында 2 емхананың құрылысын аяқтауға, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыруға жәрдемдесуге ниетті. Сондай-ақ Владимир Эрман денсаулық сақтау ұйымында жыл сайын кемінде 45 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыру және медицина қызметкерлеріне көтерме төлемдер бөлу жоспарлары туралы айтты. Ұсынылған қолдау шаралары ұжым өкілдерін шабыттандырды. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.  width=

Серіктес жаңалықтары