Ақтөбе облысында аудан орталығы су астында қалды

Ақтөбе облысында аудан орталығы су астында қалды

Ақтөбе облысында аудан орталығы су астында қалды
ашық дереккөзі
50388
Ақтөбе облысы, Қобда ауданында қардың еруі салдарынан Қобда ауылында 15 үй, 28 аула аумағы, денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимараты, бір кафе су астында қалды деп хабарлады turkystan.kz. 6 мың м3-тан астам еріген қар суы сорылып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк» бағытындағы жол учаскесі уақытша жабылды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 35 техника, 123 адам жұмылдырылды. Айта кетейік, қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы бойынша су басқан көшелер жоқ. Бақылауға алынған 4 учаскеде еріген қар суының түсуіне қарай мерзімді жұмыстар жүзеге асырылады.

Серіктес жаңалықтары