Астанада 76 жастағы әже сұлулық байқауында жеңіске жетті

Астанада 76 жастағы әже сұлулық байқауында жеңіске жетті

Астанада 76 жастағы әже сұлулық байқауында жеңіске жетті
ашық дереккөзі
50353

Астанада 76 жастағы зейнеткер "Супер әже-2023" байқауының жеңімпазы атанды деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорда әкімдігінің ресми байқауға барлығы 63 пен 76 жас аралығындағы 10 әйел қатысқанын жеткізді. Олардың арасында жоғары санатты ұстаздар мен дәрігерлер, халық хорының әншілері және республикалық еріктілер қозғалысына қатысушылар болған.

Әжелер бар өнерлері мен аспаздық қырларын көрсетіп, ұлттық билер мен вокалдық нөмірлерді орындады. Байқау қорытындысы бойынша, Күлпаш Қалқабекова жеңіске жетіп, жеңімпаз тәжі мен 100 мың теңгелік сертификатқа ие болды.

"Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға осындай байқау үшін үлкен рахмет. Оларға жеңімпазды таңдау қиын болғаны сөсіз. Біз бәріміз белсенді, көңілді жандармыз. Мен ансамбльде ән айтамын, би үйірмесіне барамын. Жарысқа қатысуға қолдау көрсеткен, сенім білдіріп, көмектескен отбасыма алғыс айтамын. Барлық ата-әжені үйде отырмай, белсенді болуға шақырамын", - деді Күлпаш Қалқабекова.

Шараны ұйымдастырушы Валентина Толмачеваның айтуынша, мұндай байқаулар тек әжелерге ғана емес, жастарға да қажет.

"Оларға қарап, әжелердің де белсенділік таныта алатынын түсінуге болады. Бүгінгі қатысушылар басқа зейнеткерлерге үлгі", - деді ұйымдастырушы.

"Супер әже-2023" байқауы Астанада алғаш рет өткен.

Серіктес жаңалықтары