РСШ мүшелері Павлодар облысына барды
РСШ мүшелері Павлодар облысына барды
Павлодарға «AMANAT» партиясының республикалық сайлауалды штабының өкілдері барып, облысқа қарасты бірнеше ауданда және ауылдарда сайлаушылермен кездесіп, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады.
Партияның атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев және ҚР Парламенті мәжілісіне үміткер Дүйсенбай Тұрғанов, Есен Елеукен бастаған делегация Павлодар облысының фронт-офисінде облыстық сайлауалды штабының жұмысымен танысты. Сонымен қатар партиялық тізім бойынша және бір мандатты сайлау округі бойынша Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға үміткерлермен кездесті.
РСШ мүшелерін облыстық сайлауалды штабының жетекшісі, «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко қарсы алып, филиалдың сайлауалды үгіт-насихат жұмысы барысымен таныстырды.
Мәшһүр Жүсіп, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Қаныш Сәтбаев секілді ұлы тұлғаларды шығарған Ертіс-Баян өңірінде өздеріңізбен жүздесіп, отырғаныма қуаныштымын. Өздеріңіз білесіздер, елімізде қандай жағдай болса да елмен бірге болатын жалғыз партия, ол - «AMANAT». Бүгінгі сайлау науқаны аяқталғаннан кейін де халықпен бірге сіз бен біз қаламыз. Сондықтан барша әріптестеріме сайлаушылар сенімін жықпай, елге адал қызмет көрсетуге шақырамын. Біздің партияда «Құқықтық көмек», «Жер аманаты», «Ауыл аманаты» сынды комиссиялар жұмыс істейді. Бұлар ел ішіндегі көптеген мәселелерді шешіп келеді. Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: «Рухы биік жандар ғана жеңіске жетеді» деген еді. Сіздерге де осы үлкен сайыста жеңіс тілеймін, - деді Елнұр Бейсенбаев.
Кездесуге Павлодар облысы бойынша ҚР Парламенті мәжілі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутатына үміткерлер қатысып, үгіт-насихат науқанын жүргізудің өзекті мәселелері туралы ой бөлісті.
Бұл «AMANAT» партиясы үшін және барша кандидаттар үшін өте жауапты кезең. Сондықтан осы үгіт-насихат науқанын барынша белсенді өткізіп, әрбір аудан мен ауылдарды қамтуымыз керек. Сонымен қатар әрбір азаматтың мәселесіне жеке-жеке көңіл аударып,оларды сайлаудан кейін қолға алынатын жұмыс жоспарына қосу маңызды. Себебі біз үшін әр дауыс маңызды, - деді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Динара Айтжанова.
Жиынға Павлодар қалалық және облыстық бір мандатты сайлау округтері бойынша кандидаттар Санира Жүсіпова, Асылбек Туғанбай, Мирас Хамитов, Қанат Сатабаев да қатысып, осы электоралды кезеңде түйген ой-пікірлерімен бөлісті.
Жалпы «AMANAT» партиясын неге таңдадың деген сұрақтар алдымыздан жиі шығады. Шындығын айтқанда біздің елде осы партияға балама болатын саяси ұйым жоқ деуге болады. Себебі осы сайлау науқанынан басқа уақытта олардың қаладан кеңсесін табу қиын. Ал елмен бірге қалатын аманттықтар ғана. Сондықтан алдағы уақытта да бүгін берген уәделерімізді орындауға тырысамыз, - деді бір мандатты сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутатына үміткер Асылбек Туғанбай.
Дайындаған: «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А
Тапсырыс беруші: И.С.Теренченко
Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді. *Осы ақпаратты кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (сайттарда, БАҚ аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда, мессенджерлерде) қайта басып шығаруға, қайталауға, көшіруге, қайта жариялауға, репост жасауға және өзге де шығаруға және/немесе таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ осы ақпаратты әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер мен әлеуметтік платформалардың аккаунттарында, мессенджерлерде таратуға тыйым салынады.