Ақтөбеде балабақшадан көгеріп келген екі жасар баланың анасы әділдік іздейді

Ақтөбеде балабақшадан көгеріп келген екі жасар баланың анасы әділдік іздейді

Ақтөбеде балабақшадан көгеріп келген екі жасар баланың анасы әділдік іздейді
ашық дереккөзі
50278

Ақтөбеде екі жасар баланы ұрғандар әлі жазасын алмаған. Бұл туралы баланың анасы айтты деп жазады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға былтыр желтоқсанда болған. Айжан Жақсымұратованың ұлы балабақшадан беті көгеріп, миы шайқалып келген. Ол кезде мектепке дейінгі мекемеге қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.

Екі жасар баланың анасы билік пен қоғамға видеоүндеу жасап, ұлын ұрғандар жазасын алуы керегін жеткізген.

Сол оқиғадан бері үш ай өтсе де іс бойынша ешқандай нәтиже жоқ. Әлдекімдер әйел адамға бұл істі тоқтатуы үшін бірнеше рет ақша ұсынған. Алайда баланың анасы ақша алудан бас тартып, әділдік іздеп отыр.

Серіктес жаңалықтары