Қазақмыста төбелес шығарған күдіктілердің кім екені анықталды

Қазақмыста төбелес шығарған күдіктілердің кім екені анықталды

Қазақмыста төбелес шығарған күдіктілердің кім екені анықталды
ашық дереккөзі
50294

Ұлытау облысында "Қазақмыс" қызметкерін соққыға жыққан екі күдіктінің кім екені анықталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлытау облысы ПД қызметкерлерімен әлеуметтік желіге жарияланған бейнежазба бойынша бұзақылық жасағаны үшін 25 және 45 жастағы екі күдікті ұсталды.

Күдіктілердің "Қазақмыс корпорациясы" АҚ "Жомарт" кенішінің қызметкерлері екені анықталды. Олар жұмыс орнында болған кезде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, басқа әріптестеріне құрметсіздік танытып, басқа қызметкермен жанжал туғызды және оған дене жарақатын салды.

Осылайша, күдікті адамдар ұйымның қалыпты қызметін бұзды. Тергеу барысында жанжалдың куәгерлері анықталды. Күдіктілерге қатысты облыс сотының шешімімен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Соталды тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары