19 күн қалды: Салық қызметкерлері халыққа ескерту жасады

19 күн қалды: Салық қызметкерлері халыққа ескерту жасады

19 күн қалды: Салық қызметкерлері халыққа ескерту жасады
ашық дереккөзі

Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеуі 2023 жылдың 1-сәуірінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізілетінін еске салды деп хабарлады turkystan.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Комитет мәліметінше, көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында есептеуге болады.

Сонымен қатар салық органдарымен есептелген алдағы төленетін көлік құралдарына салынатын салықтың сомалары "Каспий банк" АҚ мобильді қосымшаның пайдаланушыларына PUSH-хабарлама түрінде наурыз айында жіберілетін болады.

Есептелген салық сомаларын e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының "Электронды сервистер" - "ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі" сервисінде, сондай-ақ "Каспий банк" АҚ мобильді қосымшасында көруге болады.