«AMANAT-тың» бастамасымен шаруаларды қолдауға 2,5 пайыздық несие беріледі

«AMANAT-тың» бастамасымен шаруаларды қолдауға 2,5 пайыздық несие беріледі

«AMANAT-тың» бастамасымен шаруаларды қолдауға 2,5 пайыздық несие беріледі
ашық дереккөзі
50260

Бүгін “AMANAT” партиясының республикалық және облыстық штаб мүшелері қазығұрттықтармен кездесті. Олардың қатарында Д.Қамзабек, Р.Зайытов, А.Үмбеталиев, Ә.Мақұлбаев, Ж.Темірбекова, Н.Аширов, Ж.Әзімбай бар.

Насихат тобы әуелі Қазығұрт ауданы Сарапхана ауылындағы мал базарға барды. Онда ауыл тұрғындарымен және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен тілдесті. Жүздесуде партияның ауыл-аймақтың әлеуетін көтеруге бағытталған “Ауыл аманаты”, “Жер аманаты” сынды жобалары таныстырылды.

“Партияның бастамасымен ауыл шаруашылығы саласын қолдауға арналған 2,5 пайызбен несие беретін «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды. Биыл бағдарламаға республика бойыншс 125,8 млрд теңге бөлінсе, оның 11 млрд теңгесі Түркістан облысына бөлініп жатыр. Біз қосымша тағы 14 млрд теңге сұратып жатырмыз. Жеңілдетілген несие Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ пен Тұрбат ауылдық округтері тұрғындарына да беріледі”, - деді “AMANAT” партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы.

Сонымен қатар біз капиталды халыққа қайтаруды – жерді халыққа қайтарудан бастаймыз. Өткен жылы республика бойынша «Жер аманаты» жобасы аясында     5 млн. гектардан астам жайылым жер қайтарылды. Оның 1 миллионнан астамы Түркістан облысына тиесілі. Ал, Қазығұрт ауданында 69 мың га жайылым жер қайтарылған.  Біз алдағы 5 жылда қосымша  490 мың га жерді қайтаруға ниеттіміз. Оның ішінде 2023 жылы Қазығұрт ауданы бойынша 10 мың га жер қайтарылатын болады – деді кездесуде сөз алған штаб мүшелері.

 width=

Насихаттық топ шаруалардың ұсыныс-тілектерін де тыңдап, алдағы уақытта әрбір мәселе назарға алынатындығын жеткізді.

Алдағы 19 наурыз күні сайлауда қазығұрттықтарды  “AMANAT” партиясына дауыс беруге шақырды.                                                                      

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары