50258
Кавказдың «қауіпті боксшысы» қазақстандық нокаутшымен жекпе-жектен бас тартты
Кавказдың «қауіпті боксшысы» қазақстандық нокаутшымен жекпе-жектен бас тартты
Ауыр салмақтағы қазақстандық Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) мен дағыстандық Арсланбек Махмудов (15-0, 14 КО) арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Инсайдерлік ақпарат бойынша, Махмудов WBC Silver белбеуін босатып, Кособуцкийдің орнына нигериялық Эфе Аджагбамен (17-1, 13 КО) айқасты таңдады. Нақты себеп айтылмады.
Еске салайық, Жан мен Арсланбек жекпе-жегін WBC ұйымы былтыр белгілеген. Бұл кездесу 2023 жылдың мамырында өту керек болған. Осы айқастағы жеңімпаз рейтингте бірінші орынға шығып, WBC чемпионы әйгілі Тайсон Фьюриге (33-0-1, 24 КО) міндетті қарсылас атанар еді.