Жол ережесін өрескел бұзғандарға жаза қатайтылды

Жол ережесін өрескел бұзғандарға жаза қатайтылды

Жол ережесін өрескел бұзғандарға жаза қатайтылды
ашық дереккөзі
Қырғызстанда 2023 жылдың 8 наурызынан бастап жол ережесін өрескел бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі ұлғайды деп хабарлады turkystan.kz Қырғызстан ІІМ Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бас басқармасына сілтеме жасап. Ведомствоның статистикалық деректеріне сәйкес, елде үш жыл қатарынан жол-көлік оқиғасының көрсеткіштері төмендемей тұр. Атап айтқанда, 2020 жылы 6126 ЖКО тіркелген (754 адам қаза тапты, соның ішінде 93 бала, 9227 адам зардап шекті), 2021 жылы - 7438 ЖКО (869 адам қаза тапты, оның ішінде 111 бала, 11 370 адам жараланды), 2022 жылы - 7040 ЖКО (690 адам қаза тапты, оның ішінде 103 бала, 11 049 азамат жарақат алды). Жолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар көлемі көбейтілді: - көлік құралын жүргізу құқығынсыз басқарғаны үшін айыппұл мөлшері 5,5 мың сомнан 15 мың сомға дейін өсті (шамамен 172 доллар), жеңілдік қарастырылмаған; - бағдаршамның қызыл түсіне немесе тротуар бойымен жүрген көліктер үшін 3 мың сомнан 5 мың сомға дейін (шамамен 57 доллар); - жылдамдықты 40-60 км/сағ асырғаны үшін - 5,5 мың сомнан 7,5 мың сомға дейін (шамамен 86 доллар); - 60 км/сағ және одан да көп асып кеткені үшін - 7,5 мың сомнан 15 мың сомға дейін (шамамен 172 доллар); - қарсы жолаққа шыққаны үшін - 5,5 мың сомнан 15 мың сомға дейін (шамамен 172 доллар); - автобұзақылық үшін - 7,5 мың сомнан 15 мың сомға дейін (шамамен 172 доллар). Бұл ретте қайта бұзғаны үшін көлікті басқару құқығынан 6 ай мерзімге айыру көзделеді; - ЖКО жасаған және қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері көзделмеген оқиға орнынан жасырынған жүргізуші 6 ай мерзімге автокөлікті басқару құқығынан айырылады (бұрын 10 мың сом айыппұлмен шектелген); - жол ережесін бір жыл ішінде 3 және одан да көп бұзғаны үшін куәлікке емтиханды қайта тапсыру тағайындалады; - жалған нөмірлер қойылған көлік құралын басқарғаны үшін 20 мың сом (шамамен 229 доллар) айыппұл салынады. Қайта бұзғандар 1 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылады; - автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен бір жылға, қайта бұзғаны үшін үш жылға айыру көзделген.