Атырау облысындағы темір жол компаниясына 485 млн теңге айыппұл салынды

Атырау облысындағы темір жол компаниясына 485 млн теңге айыппұл салынды

Атырау облысындағы темір жол компаниясына 485 млн теңге айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Атырау облысында «РТИ-АМӨЗ» ЖШС-не айыппұл салынды. Оған монополиялық ережені теріс пайдаланды және негізсіз жоғары баға белгіледі деген айып тағылды деп хабарлады turkystan.kz Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап. Атырау облысы бойынша департаменті Атырау көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізген тексеру барысында «РТИ-АМӨЗ» ЖШС іс-әрекеттерінен бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактісін тіркеді. Атап айтқанда, монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және монополиялық ережені теріс пайдалану сипатында заңбұзушылықтар орын алған.
«Атырау көлік прокуратурасының ұсынысы негізінде департамент «РТИ-АМӨЗ» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғады», - делінген БҚДА хабарламасында.
Істі қарау қорытындысы бойынша Атырау қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен «РТИ-АМӨЗ» ЖШС жалпы сомасы 485 млн теңгеге әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ол мемлекет пайдасына толық көлемде төленді.