Әулиекөлде бойы 2 метрден асатын қыз тұрады

Әулиекөлде бойы 2 метрден асатын қыз тұрады

Әулиекөлде бойы 2 метрден асатын қыз тұрады
ашық дереккөзі
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында тұратын Аружан Ишанбекова - Қазақстандағы ең бойшаң арулардың бірі. 17 жастағы студенттің бойы екі метрден асады. 8 наурыз мерекесі қарсаңында Аружан анасымен бірге осы ерекшелігі туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берді деп хабарлады turkystan.kz. Аружан колледжде «Дене шынықтыру» мамандығында 2 курста оқиды. Айтуынша, бойы соңғы рет өлшегенінде 2,2 метр болған. Сондай-ақ ол Әулиекөлде волонтерлікпен айналысады. Айтуынша, ерікті ретінде талай іс-шараға қатысқан.

«Біз үйде жеті ағайындымыз, мен - отбасында бесінші баламын. Бойым әкеме тартқан. Ол кісінің бойы - 1 м 95 см. Екі ағам да бойшаң, бірақ олар менен аласа» , - деді Аружан.

Аружанның сөзінше, бойшаңдығы кейде өзіне ыңғайсыздық тудыратын көрінеді.
«Кейде ыңғайсыз жағдайлар болады. Көшеде көрген адамдар маған бірден назар аударады, суретке түсейік деп жиі айтып жатады. Сосын киім жағы өте қиын, тапсырыспен тіктіремін», - деді ол.
Аружан мектепте оқып жүрген кезінде бокс секциясына барған. Волейбол, шахматты да жақсы ойнайтынын айтады. Аружан дүниеге келгенде салмағы мен бойы жағынан өз ағалары және әпкесінен асып туған. Бұл туралы Аружанның анасы айтып берді.
«Аружан алдыңғы балаларымнан ерекше болып дүниеге келді. Туған кезде бойы - 54 см, салмағы - 5,8 кг болды. Аружан әкесіне ұқсаған. Әкесі жағынан бойшаң туыстарымыз бар. Біздің әулетте ең бойшаңы - Аружан. Ағаларының бойы оныкіне жетпейді, олардың бойы - 1, 89 - 1,90 м», - деді Жаңагүл.
Жеті баланы дүниеге әкелген Аружанның анасы қызымен мақтанатынын жеткізді. Жаңагүл - күміс алқа иегері.