50933
Қазақстанның алтын қоры өсті
Қазақстанның алтын қоры өсті
Қазақстанның алтын қоры 355 тоннадан асты деп хабарлады turkystan.kz.
Дүниежүзілік Алтын кеңесінің мәліметі бойынша, наурыз айында елдің қымбат металл қоры 3,9 тоннаға толды. Ал бір ай бұрын оның көлемі 351,7 тонна болатын.
Қазақстан елдер бөлінісінде 15-орында (Халықаралық валюта қоры мен Еуропалық орталық банкті есепке алмағанда) тұр.
Дәстүрлі түрде АҚШ (8,1 мың тонна), Германия (3,3 мың тонна), Италия (2,45 мың тонна), Франция (2,43 мың тонна) және Ресей (2,2 мың тонна) көшбасшы болып саналады.