Ташкенттегі ӘЧ-на бойкот жариялаған 20 ел басқа турнир өткізе ме?

Ташкенттегі ӘЧ-на бойкот жариялаған 20 ел басқа турнир өткізе ме?

Ташкенттегі ӘЧ-на бойкот жариялаған 20 ел басқа турнир өткізе ме?
ашық дереккөзі
Бокстан әлем чемпионатына бойкот жариялайтын 20 ел Нидерландыда балама турнир өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Жаңа Зеландия бокс қауымдастығының басшысы Стив Хартли мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
«Таңғысын Zoom арқылы альянстағы 20 ел өкілімен кездесу өткіздім, ол елдердің ешбірі Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастыратын бірде-бір шараға қатыспайды. Ерлер арасындағы әлем чемпионатының орнына Нидерландыда балама турнир өтеді», – дейді Stuff басылымы.
Еске салайық, әйелдер арасындағы ӘЧ наурыз айында Нью-Делиде, ал ерлер арасындағы әлем біріншілігі мамыр айында Ташкентте өтеді.