Гүлмира МҰХАНҚЫЗЫ: Біздің қор осы уақытқа дейін 800-ден астам үй берді

Гүлмира МҰХАНҚЫЗЫ: Біздің қор осы уақытқа дейін 800-ден астам үй берді

Гүлмира МҰХАНҚЫЗЫ: Біздің қор осы уақытқа дейін 800-ден астам үй берді
ашық дереккөзі
Бүгінде «Харекет» қайырымдылық қоры туралы көбі біледі. 2017 жылы құры­лып, ресми түрде тіркелген ұйым өмірде қиын жағдайға тап болған отба­сыларға, үй-күйсіз жүрген, ата-анасынан айырылған балаларға, қарттарға, жал­ғыз­басты аналарға көмектесіп келеді. Мысалы, жақында үйі өртеніп, далада қал­­ған бүтін бір отбасына жаңа баспананың кілтін табыстады. Осылайша, қайы­рымдылық қоры бес жылдың ішінде 800-ден астам отбасына баспана бақытын сый­лаған. Қордың негізін қалаушы Гүлмира Мұханқызы бұл игі іске халық зор үлес қосып отырғанын айтады. – «Харекет» қайырымдылық қоры ту­ралы көбіне «Өнер қырандары» теат­ры­ның актерлері ел алдына шығып, ақ­п­арат беріп жатады. Соған қарап, қор­ды өнерде жүрген азаматтар ашқан екен деп ойлайтынбыз. Бұған жұрт ал­дына көп шықпауыңыз себеп шығар. Қайырымдылық қорын ашуға не түрт­кі болды? – 2002 жылы белгілі бір себептермен Түр­кістаннан Алматы қаласына көшіп кел­ген болатынмын. Екі бөлмелі пәтер сатып ала­мын деген жоспарым болды. Алдын ала ке­лісіп, қаражаттың бір бөлігін төлеп қой­ған едім. Алайда сол пәтер аламын деген ақ­шамды ұрлап кетті. Содан 10 жыл бойы Алма­тыда пәтер жалдап тұрдым. 2012 жылы Аста­надан үй алып, көштім. Осы уақыттарда ден­саулығым біраз сыр беріп, ауырып жүр­дім. Өзім сондай күйде жүріп, оқырмандарға біл­ген дүниемді айтқым келген болар. Әлеу­мет­тік желіден парақша ашып, Абай ата­мыз­дың, Әйтеке бидің сөздерін, жетімдерді жы­латуға болмайтыны жайлы хадистер жа­зып, салып жүрдім. Бір күні аяқастынан «Жолдасым екеуі­міз бір қызымызбен он жыл бойы пә­тер ала алмай жүрсек, көпбалалы отба­сы­лар қашан үй алады екен?» деген ой келді. Қа­расам, бес мыңдай оқырманым бар екен. «Бәрі мың теңгеден жинаса, бір баспананың бағасы шығады ғой» деп ойладым. Былай қа­рап тұрсақ, бұл адамның қалтасына аса ауыр емес. Осы ойымды Facebook-тағы па­рақ­шама жазып, «Бәріміз мың теңгеден жи­нап, бір жетімге үй алып берсек қалай қа­райсыздар?» деп ой тастадым. Бәрі қол­дай­тынын айтып, келісе кетті. Сол постым­ның ас­тына бес жүз адам пікір қалдырыпты. «Ке­ре­мет идея екен. Шот ашыңыз» деп жаз­­ған­дар болды. Бірақ басында маған оңай болмады. Өйткені сөз жүзінде бәрі қолдаған­мен, іске келгенде жағдай басқаша болып жа­та­ды ғой. Содан біраз жүрдім. Артымнан қан­шама халық еріп жатқаннан кейін түрлі адам болады. Сол сәтте «Дінге кір келтіріп ала­мын ба?» деген ой да мазалады. Қаражат жи­нап жатқан соң, жекеме «Алаяқ емессіз бе?» деп жазғандар да бар. Түрлі сөздер жа­ны­ма батып, жылаған кезде үміт үзбей, Жа­ратушыдан көмек сұрап, тілеумен бол­дым. «Шешінген судан тайынбас» демекші, ақы­ры осындай тәуекелге бел буған соң ая­ғына дейін апаруды ойладым. Бұл істі жүйе­леп алу керек деп, қор ашу туралы ше­шім қабылдадық. 2017 жылдың 7 қазанында қор­дың құжаты қолымызға тиді. Осылайша, бірінші баспанаға алты айдан кейін қол жетті. Алғашқы баспананы 2017 жылы 12 желтоқсанда Қарағанды облысы Сәтбаев қа­ласынан алып бердік. Баспананы сый­ла­ған сәтте «Өнер қырандары» театры сол жер­де болып, бірге табыстаған болатынбыз. Театрда сахнасында жетім-жесірге көмек­тесу жайлы қойылым қойып, жұртшылыққа осы тақырыпты насихаттап жүргенінен ха­ба­рым бар. Содан «Осы игі істі бірге жал­ғас­тырсақ» деп ұсыныс білдірдім. Мадияр Се­рікбаев пен қасындағы жігіттер бірден қол­дады. Содан бері бірге жұмыс істеп келе­міз. Танымал адам болса, көбі сенім артады. Жыл­дан-жылға қатарымыз толығып жат­қа­нына қуанамын. Көмек сұраған отбасылардың жағ­дайын барып көрген соң шешім қа­был­даймыз. Айына тұрақты түрде 30 бас­пана алып берсек деген мақсатымыз бар. Не­гізі, бір айда 60-70 үй сыйлаған кездеріміз де болған. Нақтырақ айтсам, 2020 жылдың жел­тоқсанында 60 баспана берсек, 2022 жы­л­дың наурызында 70 отбасына баспана кілтін табыстадық. Құдайға шүкір дейміз, ба­с­ында бір баспана сыйлау арман еді.  width=– Айына 60-70 баспана сыйлау таң­ғаларлық дүние ғой. Бұл қаражат­тың бәрін халық жинап бере ме? – Иә. Үй сатып алып жатқан қаражаттың бә­рін өмірдің түрлі қиындығына тап болған адамдардың өміріне бейжай қарамайтын жа­нашыр жұрт жинап беріп отыр. Бұл осы уа­қыттың ішінде халықтың сеніміне ие бол­ғанымыздың белгісі деп ойлаймын. Қиы­ндықта бір жағадан бас, бір жеңнен қол шы­ғарып, бірігіп әрекет етсек қана мақса­ты­мызға жете алатынымыз анық. Осы орай­да біздің тұрақты салымшымыз болып, үй­сіз жүрген жандарға көмек қолын созып жат­қан халқыма алғыс айтқым келеді. – Бұған дейін қай салада жұмыс іс­те­діңіз? Мамандығыңыз туралы біле отыр­сақ. – Мамандығым – есепші. Қазір Алматы қа­ласында тұрып жатырмын. 2018 жылы Алма­тыға көшуге тура келді. Өйткені бас кең­семіз осы жақта. – Қордың құрылғанына бес жылдан асып­ты. Қазір кеңселеріңіз, қызметкер­леріңіз бар ма? – Карантинге дейін қызметкерлеріміз бол­маған еді. Ол уақытта еріктілермен жұ­мыс істедік. Карантиннен кейін қорқып, адам алу керек деген шешімге келдік. Өйт­кені ертең еріктілер ауырып қалса, жауап беруі­міз керек. Сөйтіп, әр өңірден бір адам­ды жұмысқа алдық. Әр жерден жауапты бір адам­ды қоймасақ болмайды. Өйткені құ­жат­пен жұмыс істейміз. Баспана табыстау оңай шаруа емес. Оның артында қаншама жұмыс атқарылады. Қазір кеңсеміз, бухгалтер, заңгер ма­ман­дар мен қызметкерлеріміз бар. Үйді таңдап, құ­жаттарын жинауымыз керек. Қазір біле­сіз, алаяқтардың дәурені жүріп тұр. Үйін біреу­дің атына жазып қойып, өтірік «үйім жоқ» деп көмек сұрауы мүмкін. Біз оның бә­рін бүге-шігесіне дейін тексереміз. Соның бәрі жұмыс. – Алаяқтардың арбауына түсіп қал­ған жағдай болды ма? – Алғашқы жылдары бір жағдай болған. Еріктілер үстіртін ғана тексерген болар. Бір от­басына үй алып бердік. Шындық кейін ашыл­ды. Сөйтсек, оның басқа адамның атын­да үйі бар екен. Үй берген адам бізге шы­ғып, «Біз бердік қой, неге сіздер де үй бер­діңіздер?» деді. Біз «Неге өз атына жазып бер­мейсіздер?» дедік. Өйткені өзін тек­сер­генде атында үй болмаған еді. Бұл жағдай бізге жақсы сабақ болды. Ол кісінің 12 ба­ласы бар еді. «Балалардың біреуіне үй бердік деп есептейміз» дедік. Қазір бәрін жан-жақты тексереміз. Бала­ларын, туыстарын да қараймыз. Бәрін зерт­теп, Халыққа қызмет көрсету орталығына бара­мыз. – Бір үйді орта есеппен қанша тең­ге­ге аласыздар? – Қазір жер үйлер, облыс аумағындағы үй­лер 10 миллионның көлемінде. Алматы, Аста­на жақта 15 миллион болып жатыр. – Жақында қор 817-баспананың кіл­тін иесіне табыстады. Жалпы, сіз­дерге көмек сұрап хабарласатындар көп болар. Бірінші қандай отбасыларға кө­мек көрсетесіздер? – Жағдайына қараймыз. Бізде кезек де­ген жоқ. Бүгін хабарласып тұрса, жағдайы өте ауыр болса, бір айдың ішінде үй алып беру­ге тырысамыз. Бізге маңыздысы – оның жағ­дайы. Мысалы, бес-алты баласы бар от­ба­сының жағдайы 3 баласы бардан жақ­сы­рақ болуы мүмкін. Өйткені Үкімет көмек­те­седі. Үлкен балалары болса, олар жұмыс іс­­­тейді дегендей. Ал күйеуі қайтыс болып, кіш­кентай балаларымен жұмысқа шыға ал­май отырған әйел болса, оған бірінші кө­­мекке барамыз. Себебі бұл – қызыл сы­зық­тағы адамдар. Жалпы, адамдардың жағдайын 3 сызыққа бөліп, қарастырамыз: са­ры, жасыл, қызыл. Тұрған жеріне барып, жағ­дайды көріп, тексерген соң қай сызықта еке­нін анықтап кетеміз. Қызыл сызықта де­ге­німіз өте қиын жағдайда деген сөз. Айы­на кем дегенде 10 баспана береміз. Жаңа айт­қанымдай, 30 баспана тұрақты түрде та­б­ыстасақ деген мақсат бар. Қасиетті Рамазан айында міндетті түрде «30 күнде 30 баспана» акциясы жүреді. Бұл – қор ашылған екінші жылдан бастап қолға алын­ған жоба. Қазір Құдайға шүкір, бұл жо­ба «Харекет» қайырымдылық қорының не­гізгі жұмысына айналғандай. Жалпы, бұл ак­цияны жылына 2-3 рет ұйымдастыруға тырысамыз.  width=– Жер бетінде қанша адам болса, сон­ша тағдыр бар дейді. Сан түрлі сы­нақ­пен бетпе-бет келген жандардың өмі­рі кейде жүрекке салмақ түсіретін шы­ғар... – Иә. Ондай жағдай көп қой. Әрқайсы­сы­ның өмірі кімді болсын, бейжай қалдыр­май­ды. Жақында алты баласымен кон­тей­нер­ді паналаған көпбалалы анаға төрт бөл­мелі баспана сыйладық. Сол ананың қуа­ныштан жылаған көз жасын куә болдық. Мұндай жағдай көп кездеседі. Тағдырдың қанша соққысын, қиындығын көрсе де, жақ­сылықтан үмітін үзбеген жандар бар. 817-баспана шаңырақтары өртеніп, далада қал­ған, алты жаннан тұратын отбасына бұйыр­ды. Аналары бірнеше жанды асырау үшін таңның атысы, күннің батысы қара жұ­мыс істеп, қуықтай жерде күнелтіп жүр­ген. Сол пәтер дымы қалмай жанып кетті. Балаларының ақыл-есі даму жағынан артта қал­ған екен. 60-тан асқан апаның пәтер жа­ғалап жүргеніне 23 жыл болған. «Өз пә­терім­ді көре алмай көрге кетіп қала­мын ба?» деген ой мазалап жүргенде анамызға үй­дің кілтін табыстадық. Сенер-сенбесін біл­мей, көз жасына ерік берді. Содан кейін Текелі қаласында тағ­дыр­дың сан түрлі сына­ғы­на мойымай, әр таңға шүкір етіп отырған отбасын көр­дік. Ол отба­сын­­да үш жарымжан тұратын еді. Көп­­шіліктің көмегімен Асқар Ахме­тов­­тің отбасына да баспана берілді. 22 жыл бойы көше сыпырып, қала­ның та­­­залығына үлес қосып жүрген, бір мүгедек ба­ласы бар Қызылорда қаласының тұрғыны Жа­нат Қуанышбаеваға да баспана бақытын сый­ладық. Содан кейін жертөледе кү­нелт­кен Мариямкүл Балабаеваның да тағ­дыры өте ауыр еді. Бір баласы аштықтан ше­тінеп кетіпті. Екі баласының ақыл-есі да­мымаған. Өзі 4 баланың анасы. 2 жыл бұ­рын жол­да­сынан айырылған екен. Аш­тық пен тоқтық­тың қадірін біліп, сабырмен күн кешкен жан­дардың өмірі енді тек қуа­нышты сәт­терге толсын деп көптің кө­ме­гімен бас­па­на сыйладық. Өмірдің бір қал­тарысында өз жыртығын өзі жамауға дәр­мені жет­пей, қоғамнан жырақтап қалған мұқ­­таж жандарға қолымыздан кел­генше кө­мектесе береміз. Қарағандыда үш баласы бар ке­лін­шек болды. Өзі жетім өскен екен. Ба­лалар үйінде жүргенде, он алты жа­­сында бір малшылар ұрлап әкет­кен. Содан ұрып-соғып әбден қорлап, он сегіз жылдай ұстаған. Қорлықта жү­ріп үш еркектен үш бала туыпты. Сол қыз­ды көргенде көз жасымды тоқтата алма­дым. Жүректі ауыртатын көрініс еді. Бізге ол туралы мәлімет жетіп, құт­қа­рып алып шықтық. Бұл іске Қараған­ды облыстық әкімшілігі көмектесті. Сол қыз­ға Қарағандыдан екі бөлмелі пәтер та­быс­тап, жұмыс тауып бердік. Жасы қырыққа ке­ліп қалған әйел болса да, жасқаншақ, қор­қақ болып қалған. Айналасындағы бәрі­нен қорқады. Бейімделуі қиын болды. Пси­хологтер көмектесіп жүріп, осы өмірге әрең «алып келдік». Үлкен қызы он сегізге толған еді. Сол қызды тұрмысқа бердік. Жақсы той өт­ті. Ол кісіге жарқын болашақ сыйладық деп ойлаймын. – Бұл іске кінәлілер жазасын алды ма? – Сол мәселені сұрап едім, өкінішке қа­рай нақты жауабы айтылмады. Менің тү­сін­генім бойынша, мал ұстайтын өте бай адам сияқты. – «Харекет» қорының алдағы жос­па­ры туралы айтсаңыз. – Алдағы уақытта демеушілермен, құ­ры­лыс компаниялармен келісіп бес қабатты үй­лер салсақ деген ниетіміз бар. Енді бұдан да көп игі істер атқарсақ дейміз. Қазір «Ха­ре­кет» қорында өзгеріс пен жаңалық көп. Кө­мек беремін деген адам саны көбейіп жат­қаны қуантады. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ