Астана қаласының Мәдениет басқармасына 38 жастағы басшы келді

Астана қаласының Мәдениет басқармасына 38 жастағы басшы келді

Астана қаласының Мәдениет басқармасына 38 жастағы басшы келді
ашық дереккөзі
Мейірманқұлов Жаңабай Бердіқұлұлы Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды. Жаңабай Мейірманқұлов 1985 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген. 2007 жылы Қ. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, 2012 жылы Еуразия гуманитарлық институтын бітірген. 2008-2010 жылдары – Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы жоғары оқу орындары және жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы; 2010-2013 жылдары – Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының талдау, мониторинг және әдістемелік жұмыс жөніндегі бөлім бастығы; 2013-2018 жылдары – Астана қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің басшысы; 2018 жылы – Астана қаласы әкімінің аппараты жиынтық-аналитикалық бөлімінің бас инспекторы, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаменті Жастар әлеуметтік жобалары басқармасының бас сарапшысы; 2018-2019 жылдары – Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті жастар саясатын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы; 2019 жылы – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті жастар саясатын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы; 2019-2020 жылдары – Астана қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы; 2020-2021 жылдары – Астана қаласы әкімінің аппараты әлеуметтік-мәдени саланы дамыту бөлімінің бөлім басшысы болды. 2021 жылғы шілдеден бері Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.