Жастарға қолдау толастамайды
«AMANAT» партия Қызылорда облыстық филиалы атынан ҚР Парламенті Мәжілісі мен облыстық мәслихат депутаттығына үміткрелер өзін – өзі жұмыспен қамтып отырған жастармен кездесті.
Қазіргі таңда ЖОО бітіріп, бірақ жұмыссыз жүрген жастар жетерлік. Оларға мемлекет тарапынан қолдаулар бар. Өз кәсібін бастап, мемлекеттен грант, төмен пайызда несие алу жолдары қарастырылған. Десе де, жұмыспен толық қамтылмаған жастарға партия тарапынан қолдау көрсетілмек. Өз кезегінде «AMANAT» партиясы 2027 жылға дейін еліміз бойынша бір жарым миллионнан астам жасты жұмыспен қамту міндетін қойып отыр.
Кезекті сөз алған облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Талғат Тлес Жыл сайын жүз мыңдаған түлек мектеп бітіріп, он мыңдаған жас жоғары білімді маман атанып жатады. Сандық көрсеткіш жағынан біз ешбір мемлекеттен кем түспейміз. Мәселе тек қана жастардың қалтасына диплом салып беруде ғана ма? Жоқ. Түпкі мақсат – олардың өмірден өз орнын тауып, алған білімін елі үшін, халқы үшін жұмсап, Отанына лайықты қызмет етуі болып табылады, -деді ол.
Айтылған мәселе үшін, партия тарапы еңбек тәжірибесі жоқ колледж бен ЖОО түлектерін жалдау бойынша жұмыс берушілерді ынталандырамыз. Сондай-ақ жастарды жұмыспен қамту бойынша өңірлердегі мобильді топтардың оң тәжірибесін кеңейту қолға алынбақ.
«Сол үшін мемлекет тарапынан жас ғалымдардың ғылымға келуін ынталандыру және олардың ұжымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жыл сайын гранттық қаржыландырудың әр алуан түрлеріне арналған конкурстар өткізілетіндігін хабардар етті», - деді Талғат Тлес.
Ал кандидат Сағатбек Сиюов жастардың шетел асып кетуіне негізгі себеп – жұмыссыздық.
«Қазір қарап тұрсаңыз, жарнамаларда білімі бәлендей, жасы орташа 25-тен кем емес, тәжірибесі болуы керек дейді. Орта білімнен соң, іле-шала жоғары оқу орнын бітірген жастарда қандай тәжірибе болуы мүмкін? Жұмыс істеуге ниет білдірген, университетті енді ғана аяқтаған жас мамандардан жұмыс берушілер бірнеше жылдық тәжірибе талап етуі санаға сыйымсыз. Демек жастарға тәжірибе жинақтау үшін студент кезінен бастап мамандық бойынша қызметке араласуы қажет», - дейді ол.
Кездесуде жастар көкейтесті сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.
«AMANAT» партиясы «Жастарға кеңес» және басқа да әлеуметтік жобалар аясында жастар арасында қажетті мәселелер бойынша ақпараттық консультациялар ұйымдастыру және әлеуметтік қызметтермен қамтуға ықпал етеді.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.