Биыл Астанада 30 келі есірткі тәркіленді

Биыл Астанада 30 келі есірткі тәркіленді

Биыл Астанада 30 келі есірткі тәркіленді
ашық дереккөзі
Елорда аумағында жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына байланысты 183 іс қозғалды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Нашақорлық проблемасы өзектілігін жоғалтқан жоқ, қазіргі уақытта Үкімет деңгейінде ҚР аумағында нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға бағытталған кешенді іс-шаралар жоспары әзірленіп жатыр. Бұл жұмыс үш негізгі бағытта жүргізіледі: нашақорлықтың алдын алу, есірткі-психотроптық заттардың айналымын бақылау, сондай-ақ ҚР аумағында есірткі өткізуді болдырмау және есірткі қылмысын жою», - деді елордалық Есірткіге қарсы күрес басқармасының басшысы, полиция полковнигі Сергей Ильиных «Есірткі бизнесіне және синтетикалық есірткінің таралуына қарсы профилактикалық шаралар» атты брифингіде. Спикердің айтуынша, 2 ай ішінде елорда аумағында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 183 іс қозғалды. Заңсыз айналымнан шамамен 30 кг есірткі, оның ішінде 3,5 кг синтетикалық есірткі тәркіленді. «Семинарлар, дәрістер, тренингтер, еріктілермен бірге акциялар сияқты нашақорлықтың алдын алу жұмыстары үнемі жүргізіледі», - деді С. Ильиных.