Асқар Жалдинов «5:32» сериалы бойынша сотта жеңіп шықты

Асқар Жалдинов «5:32» сериалы бойынша сотта жеңіп шықты

Асқар Жалдинов «5:32» сериалы бойынша сотта жеңіп шықты
ашық дереккөзі
«Протоколдан тыс. Қазақстандағы атышулы қылмыстар құпиясы» кітабының авторы Асқар Жалдинов пен «5:32» сериалын түсірушілер арасында қозғалған іс бойынша сот шешімі шықты деп хабарлады turkystan.kz Алматы қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Талапкер белгілі веб-сериалға сценарий жазу кезінде оның кітабын пайдалану фактісін негізге ала отырып, көпшілік алдында тануға мәжбүрлеу және 15 000 АЕК мөлшерінде авторлық құқықты бұзғаны үшін өтемақы және 3 млн теңге моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Сот жауапкерлердің веб-сериал сценарийі талап қоюшының кітабында көрсетілген оқиғаларға сүйеніп жазылғанын анықтады. Жауапкерлер бұл фактіні жоққа шығармай, талапкердің кітабы елімізде әртүрлі уақыт аралығында болған нақты қылмыстарға негізделгенін алға тартып, ҚР ҚК 974-бабының талаптарына сәйкес авторлық құқықтың бұзылуын мойындамады. ҚР Азаматтық кодексі бойынша ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактілер авторлық құқық объектісі болып саналмайтынын және талапкер оларды монополиялай алмайтынын уәж етті. Осыған байланысты олар соттан талап арызды толығымен қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады. Сот тараптардың барлық уәждерін мұқият талдап, куәларды тыңдады. Нәтижесінде сараптамалық қорытындыларды зерделеп, шешімге келді. Талапкер бұл кітапты жазу кезінде ІІМ мен республика соттарының мұрағаттарын, қылмыстық істер материалдарын зерделеу бойынша белгілі бір жұмыс жүргізген. Сондай-ақ, қылмыстарды ашуға тікелей қатысқан бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің естеліктерін авторлық интерпретацияны қолдана отырып пайдаланған. Аталған әрекеттерді ескере отырып, сот кітап – шығармашылық жұмыстың нәтижесі деген қорытындыға келді.