Энтони Блинкен халыққа қазақша алғыс айтты

/
Энтони Блинкен халыққа қазақша алғыс айтты
ашық дереккөзі
Энтони Блинкен халыққа қазақша алғыс айтты
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен желідегі парақшасында Қазақстан халқына алғыс айтқан жазба жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Ол жылы қарсы алғаны үшін Қазақстан халқына, Президентіне және Сыртқы істер министрлігіне ерекше алғыс білдірді.
«Қайырлы күн, Қазақ елі! Маған осы сапарым мен осында өткізген нәтижелі кездесулер ұнады. Қазақстанда жылы қарсы алғаныңыз және #C5plusUS-ті қабылдағаныңыз үшін Президент @TokayevKZ және @MFA_KZ рахмет» деп жазды Блинкен.
Айта кетейік, 28 ақпанда Ақордада ҚР Прзиденті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенді қабылдады.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары