Жастарға 5 млн теңгеге дейін шағын несие беріледі

Жастарға 5 млн теңгеге дейін шағын несие беріледі

Жастарға 5 млн теңгеге дейін шағын несие беріледі
ашық дереккөзі
Елордада бизнес идеяларды іске асыруға берілетін өтеусіз грантқа өтінім қабылдау басталды деп хабарлады turkystan.kz.
«Биылғы жаңашылдықтардың бірі – жастар үшін 2,5 пайызбен 5 млн теңгеге дейін шағын несие беру көзделген. Сонымен қатар кәсіптік біліктілікті арттыру мақсатында бір реттік ваучерлер қызметі ұсынылады. 20 ақпаннан бизнес идеяларды іске асыруға өтеусіз гранттарды алуға өтінімдер қабылдау басталды», - деді Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жүсіпов.
Бизнес идеялар грантына өтінім business.enbek.kz сайтында онлайн қабылданады.
«Биыл әлеуметтік тұрғыдан осал топқа жататын 132 адамға грант бөлу жоспарланып отыр. Гранттар өзіндік бизнес идеясы бар атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, көпбалалы отбасылар және мемлекеттен жәрдемақы алушылар, сол сияқты асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы алушыларға беріледі. Сонымен қатар гранттарды бөлу «қандас» мәртебесі бар тұлғаларға, еңбекке жарамды мүгедек жандарға және мүгедек бала тәрбиелеп отырған азаматтарға қарастырылған», - деді ол.