Түркияның Нигде провинциясында 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Бор ауданында орналасқан деп хабарлады turkystan.kz «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.
«Сенбі, 25 ақпанда жергілікті уақыт бойынша 13:27-де Түркия провинциясында 5,3 балдық жер сілкінісі болды. Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) жер асты дүмпулерінің эпицентрі Бор ауданында орналасқанын хабарлады. Жер сілкінісі ошағы 7 км тереңдікте орналасқан», - деп жазылған мәліметте.