Теміртауда салмағы 5 жарым келі алып бала дүниеге келді

Теміртауда салмағы 5 жарым келі алып бала дүниеге келді

Теміртауда салмағы 5 жарым келі алып бала дүниеге келді
ашық дереккөзі
50194
Теміртауда толағай туды. Шақалақтың салмағы 5 келі 55 грамм, ал бойы 57 сантиметр деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап. Бұл Баян Жұрманбетованың төртінші баласы. Үлкені 10 жаста. Отбасындағы ірі туғаны осы екен. Келіншек оны нағашыларына тартқан деп отыр. Баян перзентханаға босанар күні ғана келген. Баланың салмағының үлкендігін босанғн соң көріп, өзі де таңырқапты. Жүкті кездегі ауыр қимылының себебі де осы болған-ау деп топшылайды. Қазір ана мен бала дәрігерлердің бақылауында. Денсаулығы жақсы. Перзентхана қызметкерлерінің айтуынша, өткен жылы өңірде төрт келіден асатын 54, ал бес келіден асатын 10 нәресте жарық дүние есігін ашқан. Биыл ауыр салмақта туған алғашқы батырдың есімін атасы Руслан деп қойыпты.
«Жүкті кезеңім ауыр болды. Бірақ келгеннен кейін босануым оңай болды. Толғағым қатты болды, көп уақыт толғатып жүрдім. Алланың қалауымен, дәрігерлердің көмегімен. Ең бірінші жедел жәрдеммен келгенде тез қабылдап, бірден жоғары залға көтеріп, сонда қайта-қайта қарап, сосын босандырып алды. Көп рахмет!» – дейді Теміртау тұрғыны Баян Жұрмағанбетова.

Серіктес жаңалықтары