Тікұшақ апаты: тірі қалған инженер оқиғаның мән-жайын айтып берді

Тікұшақ апаты: тірі қалған инженер оқиғаның мән-жайын айтып берді

Тікұшақ апаты: тірі қалған инженер оқиғаның мән-жайын айтып берді
ашық дереккөзі
50338
Батыс Қазақстан облысында тікұшақ апатында екі адам тірі қалды. Солардың бірі «Қазавиақұтқару» АҚ жетекші инженері Сергей Щеглов «Мой город» порталына берген сұхбатында оқиғаның мән-жайын айтып берді деп жазады turkystan.kz.
«Апаттың қалай болғаны есімде жоқ. Басымнан қан ағып жатқанда есімді жидым. Екі креслоның ортасынан бір-ақ шықтым. Басыма шүберек басып отырдым. Сосын құтқарушылар келді. Оларға мың да бір алғыс! Темір-терсекті жылдам кесіп, мені шығарды. Әйтпесе, өзім шыға алмайтын едім. Тағы бір жігіт аман қалды. Бірақ маған жақындай алмады. Мен де өз күшіммен шығуға қорықтым. Себебі жан-жағымда дюраль істіктер шығып тұрған. Тікұшақ өртенген жоқ. Бірақ қатты мыжырайып, жартысы ғана қалды», - дейді Щеглов.
Оның айтуынша, тікұшақпен аспанға көтерілгенде бәрі дұрыс болған. Техникада ешқандай ақау байқалмаған. Ауа-райы да жақсы болған.
«Біз үш сағаттай ұштық. Мен артта конспектілерімді оқып отырдым. Бәрі аяқ астынан болды. Есімді жисам, жерде жатырмыз. Негізі тікұшақ өте жақсы болған. Біріншіден, 2022 жылы шығарылды, жап-жаңа техника. Апаттың неден болғанын түсінбей отырмын», - деді ол.
[caption id="attachment_214683" align="alignnone" width="1920"] width= Фото: mgorod.kz[/caption]

Серіктес жаңалықтары