Қазақстанда республикалық маңызы бар 16 жол учаскесі жабық тұр

Қазақстанда республикалық маңызы бар 16 жол учаскесі жабық тұр

Қазақстанда республикалық маңызы бар 16 жол учаскесі жабық тұр
ашық дереккөзі
50274
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы дәл қазір көлік қозғалысына тыйым салынған жолдар туралы соңғы ақпаратты жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Мәлімет бойынша, 16 жол учаскесінде ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалысқа енгізілген шектеу сақталып тұр. Атап айтқанда, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында тасжолдар жабық. Сонымен қатар бүгін кешкісін Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупіне байланысты жол жабылған. Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов» тасжолының Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейінгі аралығында қозғалыс шектелді.

Серіктес жаңалықтары