Отандық ғалымдар өнімділікті арттыратын технология ойлап тапты

Отандық ғалымдар өнімділікті арттыратын технология ойлап тапты

Отандық ғалымдар өнімділікті арттыратын технология ойлап тапты
ашық дереккөзі
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Ядро­лық тех­нологиялар паркі» АҚ ға­­­лым­дары жаңа өнерта­быс­та­рына па­тент алды және оны өн­діріске ен­гізді. Әмбебап радиа­ция­лық ті­гіл­ген гидроель то­пы­рақтағы ыл­ғал жетіспеушілігі мә­селесін ше­шумен қатар ауыл­шаруашылық да­қылдардың өнім­ділігін арт­ты­ра­ды және то­пырақтың аэра­ция­сын химия­лық ластану қаупіне жол бермей жақ­сартады. 2023 жы­лы 500 тон­на гидрогельді на­рық­қа ұсыну жоспарланған. ЕҰУ ғалымдары агроөнеркәсіптік са­лаға арналған бірегей гидрогель жа­сады. Жаңа препарат ауыл шаруа­шы­лығы дақылдарының шығым­ды­лы­ғын 2 есеге, өнімділігін орта есеп­пен төрттен бір есеге арттырады. Гид­­­рогельді апробациялау жұмыстары Ақ­мола облысының аумағындағы егіс­тіктерде жүргізілді. Сынақтардың нә­тижесі әмбебап препараттың то­пырақ ылғалдылығын сақтауға, өнім­ді өсімдіктерді қалыптастыруға, тыңайт­­қыштар көлемін азайтуға жә­не өнімділікті арттыруға көмек­те­сетінін көрсетті. «Көктемгі-күзгі маусымда зығыр мен күнбағыс егу барысында біздің жаңа препаратты қолданып, зығыр өнім­ділігі 38,4 пайызға, күнбағыс 25,9 пайызға артқанын байқадық. Жаңа су­перабсорбент сынақтары өнімді ыл­ғалдың 20-30 пайызға көп жи­налуын, өсімдіктердің өсуі 13-27 пайыз­ға ұлғаюын, өсімдіктердің веге­та­­­циялық даму кезеңінің 5-7 күнге ұзаруын, өсімдіктердің өнімді жайы­луы 25-31 пайызға ұлғаюын көр­сетті. Гидрогельдің бірегейлігі – оның сорб­­циялық сыйымдылығы. 1 грамм су­­перабсорбент 300 грамм суды сақ­тай алады», – деп атап өтті «Л.Гумилев атын­­­дағы ЕҰУ» КеАҚ жанындағы «Яд­ро­лық технологиялар паркі» АҚ бас­қарма төрағасы Александр Бори­сенко. ЕҰУ ғалымдары жаңа техно­ло­гия­ны коммерцияландырды және өн­діріс­ке енгізді. Өткен жылы жеке се­рік­теспен гидрогельдерді өндіру және сатумен айналысатын бірлескен BetaSorb кәсіпорны құрылды. 2023 жылы 500 тонна гидрогельді нарыққа ұсыну жоспарланған. ЕҰУ ғалымдарының инновация­лық препаратты құру идеясы радиа­ция­лық тігу әдісіне негізделген. Өң­деу­дің мұндай түрі гидрогельдің сте­­рильдігін және тұрақтылығын қам­та­масыз етіп, мұздату мен жібі­ту­дің бір­не­ше циклі кезінде оның қасиет­терін сақтауға жол ашады. Пре­парат пай­далану мерзімі аяқтал­ғаннан кейін ыдырайды, сонымен қатар ол тыңайтқыштың әсерін арт­тыру мүм­кіндігіне ие. Айта кету керек, ЕҰУ ғалымдары­ның бұл жобасы Азиядағы Ядролық ын­тымақтастық форумында (FNCA) ұсынылған және FNCA жыл сыйлы­ғымен марапатталған.

Яна Рахманова, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің студенті