Халықаралық жарыстың финалына тағы екі қазақ шықты

Халықаралық жарыстың финалына тағы екі қазақ шықты

Халықаралық жарыстың финалына тағы екі қазақ шықты
ашық дереккөзі
50230
Мысырдың Александрия қаласында күрес түрлерінен өткен турнирдің финалында қос қазақ белдесті деп хабарлады turkystan.kz. 55 келіде қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері Аманғали Бекболатов пен Марлан Мұқашев финалға шығып, Бекболатов 6:1 есебімен жеңіске жетті. Қола жүлде де қазақ палуаны Исхар Құрбаевқа бұйырды. Халықаралық жарысқа 48 елден 500-ге жуық палуан қатысып жатыр. Турнир 26-ақпанға дейін жалғасады. Алғашқы жарыс күні ел қоржынына 7 медаль түсті. Айта кетейік, бұған дейін дзюдодан Әлемдік Гран-при турнирінің финалында Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаеваның кездескенін хабарлаған болатынбыз. Ақтық сында 48 келіде белдескен Әбужақынова алтын алса, Тынбаева күміс медаль еншіледі.

Серіктес жаңалықтары