Дәрігерлер «3 ай ғана өмірі қалды» деген Арай обырды қалай жеңді?

Дәрігерлер «3 ай ғана өмірі қалды» деген Арай обырды қалай жеңді?

Дәрігерлер «3 ай ғана өмірі қалды» деген Арай обырды қалай жеңді?
ашық дереккөзі
Кейінгі кезде онкологиялық ау­ру­лардың түрі мен оған шалдық­қан­дар саны көбейіп бара жатқаны айтылып жүр. Елімізде жыл сайын шамамен 40 мыңға жуық адам қатерлі ісікпен ауырады екен. Онколог-дәрігерлер дұрыс тамақтану мен белсенді өмір салтын ұстанып, ауру­дың алдын алуға болады десе, дертті жеңіп шыққан жандардың өз айтары бар. Бүгінгі кейіпкеріміз Арай Жүнісова өмірге құштар қасиеті мен жігерінің арқасында басына түскен қиындыққа мойымай, ке­рісінше өмірін жақсы арнаға бұруға ты­рысқан. Әуел бастағы сенімім ақталды – Әңгімемізді қатерлі дерт ту­ралы диагноз қашан қойыл­ға­нынан бастасақ. Ол сәттерді еске алу оңай емес екенін түсінемін. Де­­­генмен сол қиындықты еңсере білген ерік-жігеріңіз біраз жан­ның үмітін жағар еді. – Студент атанған уақыт жастық шақ­тың ең керемет сәттері ғой. Бі­реу­лер үшін бұл қайтып оралмайтын ба­қытты кезең шығар. Ал мен үшін төрт қабырғаға телміріп, төсекке таңыл­ған сәт еді. Қатерлі дерт туралы диагноз босанғаннан кейін жиырма бір жасымда аяқастынан қойылды. Тоғыз айлық қызымды емізіп отыр­ғанда баланың мұрнынан қан кетті. Қорқып, бірден ауруханаға апардым. «Сүт бұзылған. Аяғыңыз ауыр екен, содан» деді. Ылғи жайсыз түс көріп, ішім ауырып жүргенін үйдегілерге жиі айтатынмын. Одан кейін енем ұшықтап қояды. «Екіншісі осылай бо­лады» деп басу айтады. Іштей се­нің­кіремеймін. Алайда дәрігерлердің айтқаны дұрыс шығар деп те ойлай­мын. Арада жеті ай өткенде ішім қат­ты үлкейді. Тұрсам, жүрсем, ауырады. Со­дан жылына бір келетін УДЗ-ға түсе­тін уақыт та келіп, тексерілдім. «Сіз­де бала жоқ» деді. Сасқанымнан «Сон­да ішімдегі не?» деп сұрадым. «Ішіңізде су мен ірің бар. Сізді он­ко­ло­гияға жатқызу керек» дейді. Не іс­терімді білмей қалдым. Үйге келіп, жағ­дайды баяндағанда ешкім жылы қа­былдамады. Содан қызымды алып, төр­кінге келдім. Аудандық ауруханалар жауапкер­ші­лік алудан бас тартып, қалалық он­­кология орталығына жіберді. Дәрі­гер­лер «Жағдайы нашар, ештеңе іс­тей алмаймыз. Үш ай ғана өмірі қал­­­­ды» деді. Бұл сөзге бәрі сенді. Өзім ғана сен­бедім. Қанша қиналып жатсам да, мүл­де қорқыныш болмады. Сол сәтте са­намда «Мен неге бірнеше тілді мең­гердім?», «Қызымды не үшін өмірге әкел­дім?» деген сұрақ тұрды. Жаман аурудың түр-түрін айтып, жі­бермеген жері, ішпеген дәрі, құйма­ған химиясы қалмаған шығар. Содан ша­шымның бәрі түсіп қалды. Қатты арық­тап, салмағым 25 келі болды. Жа­қындарым мені емдету үшін хрус­таль стақандарға дейін сатты.  width=Үлкен дозада наркоз салынып жа­салған операциядан таң ата оя­нып­пын. Оны сандырақтап жатқан өзім білмеймін, сол жердегі медби­ке­лер айтып жылап жүр. Ал дәрігерлер «Таңға жуық қайтады» депті. Ояна са­лып кескен жеріме қарасам, қан ат­қылап жатыр екен. Мен айғайла­ған­да бәрі таңғалып, дәрігерді ша­қыр­ды. Ал ол қанды көріп, сасқа­ны­нан тігілмей қалған жерді сол жерде бір­ден тіге салды. Дәрігердің сасқа­лақ­тайтынындай бар еді. Өйткені жан-жақтан, шетелден жиналған профессорлар менің жағдайымды ба­қылап отырған екен. Қызығы сол, қы­зымның туған күнінде есімді жи­дым. Қарасам, қас, шаш, тері бәрі тү­сіп қалған. Қызымның әкесі ол кез­де 25 жастағы жігіт. Сол кездегі тү­рімді көріп, қорқып кеткен болса ке­рек, біржола кетіп қалды. Тағ­ды­рым бұлыңғыр, алда не болары бел­гісіз. Жақындарым да шарасыз күйге тү­сіп, күте-күте аурухананың алдына тө­сек салып алған. «Тым болмаса, сүйе­гін алып кетейік» деген ғой. Одан кейін туберкулез ауруха­на­сына бардым. Көп дәрі берді. Бір күн­де он сегіз түрлі дәрі ішкен күн­дер болды. Дәрігер кетісімен түкіріп тас­таймын. Сосын жанымда отырып бә­рін ішкізетін болды. Химия болған соң ішіңді удай қуырады екен. Оны да ішіп үйрендік. Осылай 6 ай жат­тым. Сол жерде істейтін гинеколог бір жастағы қызымның бар екенін біл­геннен кейін жаны ашып, маған күн­де массаж жасап жүрді. «Бір орын­да жата беріп ішектерің жабы­сып қалған. Тұрып жүруің керек» дей­ді. Оған денем шыдатпайды. Та­мақ ішпеймін. Астымда катетер, қо­лым­да система, төсекке таңулы жат­­­­қан адаммын. Массаждан денеме қан жүгіріп, жаным кіре бастағандай. Қолым қимылдап, қасықпен тамақ іше алатын жағдайға жеттім. Бір таңғаларлығы, ем қонбай қанша уа­қыт жатып, осы массаждан кейін бетім бері қарады. Орным­нан тұрып, жүре бастадым. Сөйтіп, «Бұл жерде не құдірет жатыр екен? Осы­дан жазылсам, массажды зерт­теймін» дедім. Бір жылдан кейін ауруханадан шық­қанда өмір бойына мүгедектік тура­лы анықтама берді. Одан бас тарт­тым. Ең бастысы, әуел бас­тағы се­німімнің ақталғаны кеудемді қуанышқа толтырды. Сол сәт­тен бастап Қытай, Тай­ланд, Түр­кия, Қазақ­стан­дағы мық­ты мамандардан білім алып, мас­саж саласына келдім. Әри­не, кәсіп бастау да оңай емес, талай жолдан өттік. Дәрі­гер­лер, адамдар диагноз қоя ал­май қиналғанда массаж ая­ғым­­нан тұрғызғаннан кейін ма­ған бұл сала қызық болды. Қазір Ал­ма­ты қаласында екі массаж ор­та­лығым бар. – «Бірнеше тіл меңгердім» деп қал­дыңыз. Жиырма бір жа­сыңыз­ға дейін қандай тілдерді үй­рен­діңіз? Негізгі маманды­ғыңыз туралы айтсаңыз. – Негізгі мамандығым – тіл ма­ма­ны. Тіл үйренуді Алматы қаласын­да­ғы қазақ-түрік лицейінде білім алып жүргенде бастадым. Негізі, кіш­кентайымнан тіл үйренуге қызы­ғып, қосымша мектептерге де барып жүрдім. Арманым Америкада оқу еді. Ағыл­шын, араб, түрік тілдерінен ку­рс өткізіп жүрсем де аш қалмас едім. Алай­да өмір осыған алып келді. Еш­теңеге өкінбеймін. Керісінше, қоғам­ға, адамға пайдамыз тисе, қуанамыз.  width= Тағдырым – менің стилисім – Алматыдай үл­кен қаладан кәсіп ашу оңай болмаған шығар. Шет­елден үйренген массаж тех­никасын ел тұрғындары қалай қабылдады? – «Біз не істейтінімізді білеміз. Не боларын Құдай біледі» дейді ғой. Шал­ғайда білім іздеп Қытайды, одан ары Тайландты кезіп, массаждың оқуын оқыдым. Алғашында тамағын ұнат­пай, жолын таппай адасып, та­лай қаржының «басына су құйдым» (күліп). Қытай қыздарының массаж жа­сағаны ұнады. Бірақ тілін түсіну қиындау бол­ды. Олардың орысшасын білесіздер. Түсінбеген нәрсені қайта-қайта сұ­раймын. Қолымда адам денесіндегі нүктелер көрсетілген мүсін бар. Со­ны қуыршақтай құшақтап, таң ат­қан­ша жаттап шығамын. Қолым мен көзім үйренсін деп әб­ден массаж жасаймын. Елге келіп, кәсіпті бірден бастап ке­ту оңай болмады. Біздің елде бұл са­ла енді дамып келеді. Алғашында мас­саж жасайтын бір апайға арен­дасын төлеп, көмектесіп жүретінмін. Бір күні қарасам, оның да жағдайы мәз емес, клиент аз. «Жұмыла көтер­ген жүк жеңіл» деп бірге жұмыс іс­тей­тін болып келістік. Содан жар­на­ма беріп, адам көбейе бастады. Үлгер­ме­ген соң жанына массажист алды. Екі адам жасайды. Ал мен қарап оты­рамын. «Тәжірибең жоқ» деп жо­латпайды. Сөйтіп жүріп 2 миллион тап­тық қой. «Енді үшеуіміз бөлісеміз» десем, «Сен не істедің? Массаж жаса­ған біз. Бөліспейміз» дейді. Жарнама жа­сап, қаржы салып, клиент тапқа­нымда шаруасы жоқ. Алайда тапқан ақша менде еді. Содан не істерімді білмей, ойланып, біраз басым қатты. Ақыры эмоцияға беріліп, ақшаның бәрін әкеліп бере салдым. Сөйтіп, тағы көк тиынсыз қалдым. Осыдан кейін жеке кәсіп бастауға бел будым.  width=Жалға алатын жер іздеп, аяқтан тозу­ға тура келді. Әр бұрышқа барып, бағасын сұраймын. Ұнағанын ала са­лайын десем, қалтам жұқа. Бәрі ал­дын ала төлеу керек екенін айтады. Сон­да да үміт үзбеймін ғой. Алма­ты­дағы Төле би көшесінің бойымен келе жатып, сырты ескілеу ғи­маратқа көзім түсті. Ішіне кірсем, бір еврей жігіт шет­елге кететін болып, кеңсесін жалға берейін деп жатыр екен. Бір­ден жабыса кеттім, алайда қазір ақшам жоқ екенін бір­ден айт­тым. Әлгі жігіт келіс­ті. Тіпті, кіл­тін беріп кетті. Ғи­марат­­тың іші жайлы, тап-таза, әдемі. Қатты қуа­нып, сенер-сен­бесімді біл­мей тұрмын. «Алуын ал­дым ғой, енді кімге мас­саж жа­сай­мын?» деп қоя­мын. Қа­жет­ті заттар­ды да са­тып алма­ған­мын. Содан сің­лімді ер­тіп, дүкен­нен қа­рызға бір кушетка алдым. Ойыма бірін­ші келген «Массаж әлемі» де­ген сөзді жазып, есіктің ал­дына іліп қой­дым. Аяғы қақсап, буыны ауыр­ған ата-апалар келді. Үлкен кі­сі­лер­ден ақша алу ыңғайсыз. Содан қол үй­рен­сін деп тегін жасап бере­мін. Адам­дар бірінен-бірі естіп, жи­нала бастады. Бар ынтаңмен, қы­зы­ғушы­лы­ғыңмен жасаған ісің жемісін бере­тініне көзім жетті. Шетелден үйренген массаж тех­ни­касын қалай қабылдады деп жа­тыр­сыз. Мұны зерттей келе бұл біз­дің ата-бабамыздан қалған дүние еке­ніне көзім жетті. Тек олар оқып, қағаз бетіне түсіріп, патенттемеген. Мы­салы, қазір қолданып жүрген гуаша деген дүниені ата-бабамыз «қар­тілеу» деп айтқан. Әжелеріміз кү­міспен тазалаған. Сосын қазір от­пен массаж жасасақ, кезінде апа­ла­ры­мыз отпен аластаған. Мұны ары қа­­рай жалғастыра беруге болады. Қы­тайлар оны патенттеп алып, «Қы­тай нүктелі мас­сажы» деп жүр. Бұл салаға келуіме ба­сымнан өт­кен жағ­дай себеп болғанын айт­­тым. Өмірге кел­ген­дегі бір мақ­саты­мыз адам баласына адалынан қыз­мет ету деп түсіне­мін. Адам­дар жақ­сы қабылдап жа­тыр. Еліміздің әр түк­пірі­нен келеді. Әсі­ресе, пан­демия кезінде ке­лушілер саны кө­бей­ді. Дәм, иіс сезбей сыр­қаттанған жан­дар­ға қо­лымыздан кел­генше көмектесуге ты­рыстық. – Қиналып, жан дүн­ие­сі ас­тан-кестен бо­лып жүр­ген жан­дар­ға дерт­ті жеңген адам ре­тінде не ай­тар едіңіз? – Мұны өмірдің бір сабағы деп тү­сінген дұрыс шығар. Қазір қарап отырсам, басымнан өткен түрлі жағ­дайдан шыңдалып, қазіргі дәре­жеге жетіппін. Адамның басына қан­дай да бір іс түссе, оның арманы биік, қия­лы ұшқыр болуы керек деп ой­лай­м­ын. Басына қиындық түскен адам­дар­дың арманы биік, қиялы ұшқыр бол­са, кез келген жағдайдан шығуға болады деп айтар едім. Біз ғайыпқа сену­шілерміз ғой. Ол – негізінен Жара­­тушыға ғана емес, ертеңімізге сену де­ген сөз. Ертең не боларын біл­мей­міз. Сондықтан бұл ауру сы­нақ де­мей, «Бұл сырқат мені қай жа­ғынан өз­гер­теді? Мені өсіруге кел­ді ме? Қуан­туға келді ме?» деп үне­мі пози­тив­ті ойда болу керек. Мен­де қызым­ды анама, бауырларыма аманаттап ке­темін деген ой болмады. Аурухана тө­сегінде «Бұл қызды үлкен үйден ұза­тамын» деген арман-қиял­мен жат­тым. Адам қандай да бір дерт­пен ауыр­са, одан өледі деген сөз емес қой. Он үш жасымнан діни білі­мім бол­ғандықтан, Жаратушының құді­ре­тіне сенген болармын, бәлкім, жас­тық­тың әсері болар, бойымда қор­­қы­ныш болған жоқ. Қандай қиын­дық болса да, іштей өмір сүре­тінімді, тірі қалатынымды сезетінмін. Ешкімге шағым айтып, арызданып көрмеппін.  width=– Шаш үлгіңіз ерекше, адам на­зарын бірден аудартады. Бұл сти­льді өзіңіз ойлап таптыңыз ба? – Онкология деген диагноз қойы­лып, екі есе дозамен химия сал­ғаннан кейін қатты арықтап, шашым тү­сіп қалды. Бір жылдан кейін үйге шыққанда шашым әр жерінен бір шығатын болды. Шықса да, қайтадан түсіп қалады. Көрген жұрттың бәрі ма­­ған жаны ашып, біртүрлі қарай бас­­тады. Өзіме басқаша назар аудар­ға­нын қаладым. Өріп, әртүрлі шаш үл­гісін жасап жүрдім. Сұраған адам­дар­ға «Стилім сондай» деп айтамын. Бір­де басымның шаш шықпаған же­рін одан сайын қырып тастадым. Аса үйлеспесе де, екінші жағын да алып, ортадағы шашты өріп қойдым. Массаж жасайтын кезде от жағып терлейтін басыма бұл таптырмас стиль болды. Уақыт өте келе осындай образ қа­лыптасты. Әу баста жұртқа ерсі кө­рін­генімен, қазіргі мамандығыма сай келеді. Киімді өзім таңдап, үйлес­ті­ріп киемін. Қазір де «Стилисіңіз кім?» деп сұрайтындар бар. «Тағды­рым – менің стилисім» деп айтамын. Психологтердің «Адамның сырт­­қы келбеті ішкі дүниесінен ха­бар береді» деген сөзімен келіспеймін. Менің ішкі әлемім мен адамдық қа­сиеттерімді, қазақы болмысымды бір шүберек көрсете алмайды. Аурудың көбі – ойдан – Қазір психологиялық ст­ресс, депрессия деген терминдер жиі ай­тылады. Бұған сіздің көз­қара­сыңыз қалай? – Стресс, яғни күйзеліс деген – қиын немесе қауіпті жағдайда күре­сетін табиғи реакция. Оның екі түрі бо­лады: пайдалы және пайдасыз. Пай­далы түрі сізді бірден әрекет ету­ге жетелеп, мақсатқа жетесіз. Ал шек­тен тыс ұзаққа созылған стрестің зия­ны бар. Өйткені ағза үнемі дабыл қағу күйінде болса, бұл адамды со­зыл­малы ауруға немесе ақыл-естің ал­жасуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Ал депрессия деген – тез ашулану. Бұл – тілегіміз бен мүмкіндігіміздің сай кел­меуі. Бір сөзбен айтқанда, өзіңе берілген мүмкіндікті қабылдамау. – Дана халқымыз «Ауру – ас­тан» десе, заманауи психосо­ма­тика «Көп аурудың бастауы – ми­да» дейді. Расында, қазір ауыр­май­тын адамды кездестіру қиын. Сіз қай нұсқамен келісер едіңіз? – Халқымыздың «Ауру – астан» де­­­­ген сөзін жоққа шығаруға болмас. Пси­хосоматиканы да өтірік деп айта ал­маймыз. Өйткені ол да зерттелген ғы­лым. Меніңше, ауру көбіне ойдан пай­да болады. Адам ойы арқылы ау­ру­ды өзіне тартуы мүмкін. Қазір неге көп адамға дәрі әсер етпейді? Бұл адам­ның көп дүниені ойдан құрас­ты­рып алып, өз ойына өзі шырмалып жүруінен деп ойлаймын. Бұл физика­лық тұрғыдан ауыр жұмыс істегеннен емес, өзінің ойынан. Сондықтан ішкі күйіңе мән беріп, жақсы ойда болу керек. «Тұқым қуалаған ауру» деп жа­тады. Тұқымыңда біреу ауырса, сен де ауырасың деген сөз емес қой. Өз­геге жақсылық тілесең, өзіңе қай­тады. Сосын адам ар-ұяты қысқан кез­­­­де ауру болады.  width=Өзім ауруымның себебі ойдан деп ойлаймын. Ауылдық жерге келін бол­ғаннан кейін «Америкада оқи­мын» деген арманыма балта шабыл­ған­дай болды. Үнемі «Неге бұлай бол­ды?» деген ойда жүріп, барған же­рім­ді қабылдай алмадым. Көп ой­лана беріп, осы дертке шалдыққан сияқ­тымын. – Қазір бірнеше адамды жұ­мыс­пен қамтып отырған кәсіп­керсіз. Алда қандай жоспарыңыз бар? – Кәсіпкер деген қаржы табатын адам деп есептейміз ғой. «Қанша қар­жы табамын деп емес, қанша адамға пайдам тиеді?» деген ұстаныммен өмір сүрген жөн деп есептеймін. Еліміздің әр өңірінен келіп жат­қан­дар бар. Алдағы уақытта әр қаладан орталығымды ашсам деймін. Қазір адам энергиясы тақырыбын зерттеп жүрмін. Ол енді Құдайдан тегін беріл­ген дүние. Америкаға барып, осы тақырыпты тереңінен зерттеп келу жоспарымда бар. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ