Қазақстанға қай елдерден туристер көп келеді?

Қазақстанға қай елдерден туристер көп келеді?

Қазақстанға қай елдерден туристер көп келеді?
ашық дереккөзі
Түркия, АҚШ, Ұлыбритания және Германия азаматтары қаңтар айының басынан бастап Қазақстанға келген ТОП-10 мемлекет туристері қатарына енді деп хабарлады turkystan.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жыл басынан бері елімізге 2,5 мыңға жуық Түркия азаматы, 1,4 мыңға жуық Германия, 1,4 мыңға жуық АҚШ және 1,2 мыңға жуық Ұлыбритания азаматы келді. Ал, таяу шетелден келгендер бойынша алғашқы ондықта: Ресей – 58,2 мыңнан астам турист, Өзбекстан – 11,2 мыңнан астам, Қырғызстан – 3 мыңға жуық, ҚХР – 2,3 мыңнан астам, Тәжікстан – 2,3 мыңнан астам саяхатшы. Үндістаннан келген қонақтардың динамикасы байқалады: шамамен 3 мың адам. Айта кетсек, жақында Үндістанда Қазақстан беделді туристік сыйлық алған болатын. Туристер көп баратын ең тартымды жер ретінде Алматы көш бастап тұр – 40 мыңға жуық турист. Одан кейін Астана (22 мыңнан астам), Ақтөбе облысы (4 733), Атырау облысы (4 212), Маңғыстау облысы (3 023), Батыс Қазақстан облысы (2 778), Павлодар облысы (2 719), Солтүстік Қазақстан облысы (2 651), Шымкент (2 586) және Қарағанды облысы (2 573)
«Туристердің негізгі бөлігі Алматы және Астана қонақүйлеріне тоқтайды. Ең көп сұранысқа ие үздік ондыққа кірген көрікті мекенде осы екі мегаполистің қонақүйлері бар. Бұл ретте жыл басынан бері қонақтарды Қазақстан бойынша 16 654 жеке және 6 746 заңды тұлға қабылдаған», - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.