50282
«Шаршадым»: Әлімханұлы бокстағы басты қорқынышын айтты
«Шаршадым»: Әлімханұлы бокстағы басты қорқынышын айтты
Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) британиялық Лиам Смит (33-3-1, 20 КО) өзімен жұдырықтасудан қашады деген қорқынышын айтты деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
"Шынын айтқанда, қарсыластардың бас тартуынан шаршадым! Келесі қарсыласым менімен жұдырықтасады деп үміттенемін. Бірақ әлемдегі ең атақты боксшылардың бірі болатыныма уәде беремін. Егер мақсатың болса және оған сенсең, оған жететінің бәріне аян" деп жазды Әлімханұлы Twitter желісінде.
To be honest, I'm tired of the opponent's refusals! I hope my next opponent will fight me. But I promise you that I will be one of the most popular boxers in this world, inshallah. Everyone knows that if you have a goal and you believe in it, then you will achieve it.
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) February 22, 2023