50508
Допингпен ұсталған атлеттеріміз мемлекетке 1 теңге де қайтарған жоқ – Қаженов
Допингпен ұсталған атлеттеріміз мемлекетке 1 теңге де қайтарған жоқ – Қаженов
Журналист Аслан Қаженов отандық ауыр атлетикадағы алаяқтық туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Соңғы 15 жылда 50-ден аса ауыр атлетіміз допингпен ұсталды. Оларға миллиардтаған теңге сыйақы берілді. Бірақ 1 теңге де мемлекетке кері қайтарылған жоқ. Қысқасы, ең үлкен алаяқтық отандық спортта, оның ішінде ауыр атлетикада болып жатыр. Бұны айтып отырғаным, бүгін Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон да допингпен ұсталып, 8 жылға спорттан шеттетілді...» деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.Айта кетейік, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон сегіз жылға спорттан шеттетілді. 2022 жылдың 2 наурызында жарыстан тыс кезеңде алынған спортшының сынамасы оң нәтиже берген. Спортшының қанынан анаболикалық стероидтердің бірі - метастерон табылды.