50274
Биыл көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге бөлінеді – Смайылов
Биыл көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге бөлінеді – Смайылов
Көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге кредит бөлу көзделіп отыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Көктемгі егіс науқанын сапалы әрі уақтылы жүргізу - мол өнім мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамытуға арналған кешегі кеңесте осы тақырыпқа ерекше назар аударды. Көктемгі егіс жұмыстарын қамтамасыз ету үшін Үкімет қажетті шараларды қабылдады. Былтырғыдай бұл мақсаттарға 140 млрд теңге несие көзделген», - деді Смайылов Үкімет отырысында.Премьер-министрдің айтуынша, биыл жеңілдетілген бағамен 413 мың тонна дизель отыны бөлінді.
«Форвардтық сатып алуға 20 млрд теңге және субсидия түрінде 87 млрд теңге қарастырылған. Мемлекеттік қолдау фермерлер тарапынан да белгілі бір шарттарды орындауды талап етеді. Бұл – агротехнологияларды қатаң сақтау және тыңайтқышты уақтылы қолдану», - деді ол.