Алматы облысында ер адамның ішінен 19 шеге шықты

Алматы облысында ер адамның ішінен 19 шеге шықты

Алматы облысында ер адамның ішінен 19 шеге шықты
ашық дереккөзі
50254
Алматы облысы Қарасай ауданы тұрғынының аш ішегінен 19 шеге шықты деп хабарлады turkystan.kz облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шизофрениямен ауыратын 39 жастағы ер адамның аш ішегінен ұзындығы 10 см болатын барлығы 19 шеге алынған. Науқас шеге жұтып қойған соң тек төртінші күні ғана дәрігер көмегіне жүгінген. Шұғыл түрде ота жасалды, қазір оның жағдайы қалыпты. Былтыр 12 қыркүйекті науқас дәл осылай шеге жұтып қойып, тек үшінші күн дегенде дәрігерлерге қаралған. Оның айтуынша, ашуланып, осылайша суицид жасамақ болған. Ол кезде де ұзындығы 10 см болатын 14 шегені дәрігерлер алып тастаған. Отадан соң науқас құлан-таза сауығып, ауруханадан шығарылған.

Серіктес жаңалықтары