Астананың оң жағалауындағы бірнеше көше «Астана» қосалқы стансасының апатты түрде тоқтап қалуына байланысты жарықсыз қалды.
Ақмола облыстық электр желісін тарату компаниясының балансындағы "Астана" 110/10кВ қосалқы станциясында ақау орын алған.«Астана» 110/10 кВ қосалқы стансасында электр қуатының ажырауы орын алды. Жұмысшылар ақаудың себебін анықтап жатыр», - делінген Астана аймақтық электр желілік компаниясының баспасөз қызметінің хабарламасында.