Депутаттыққа үміткерлер ауыл тұрғындарымен кездесті

Депутаттыққа үміткерлер ауыл тұрғындарымен кездесті

Депутаттыққа үміткерлер ауыл тұрғындарымен кездесті
ашық дереккөзі
50567
ҚР Парламенті Мәжілісіне және жергілікті мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды. Осы маңызды саяси науқан аясында «AMANAT» партиясынан сайлауға түсіп жатқан үміткерлер Баянауыл ауданына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті деп хабарлады turkystan.kz. Алдымен депутаттыққа үміткерлер аудан орталығынан шалғай орналасқан Қаратомар, Теңдік ауылдарына ат басын бұрып, ауыл азаматтарын толғандыратын ортақ тақырыптарға тоқталып өтті. Кездесу барысында Парламент Мәжілісіне партиялық тізіммен кандидат болып тіркелген Нұржан Әшімбетов жайылымдық жер мәселесіне қатысты өз ой-пікірін білдіріп, түйткілді шешу жолдарымен бөлісті. Оның айтуынша, Баянауыл таулы аймақта орналасқандықтан, мұнда жайылымдық жер тапшы.
Игерілмеген жайылымдық жер – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бос жатқан жайылымдық жерді қайтаруды және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуді нықтап тапсырған болатын. Бұл ретте аталған мәселені шешу үшін Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар дайындадық. Қазақ халқында «Жер – елге аманат, ел – ерге аманат» деген нақыл бар. Жер мәселесін шешетін уақыт келді. Үміткер ретінде басты мақсатым – игерілмей жатқан жайылымдық жерлерді, заңсыз жекеменшікке өткен жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға көмектесу және жерді ауыл тұрғындарына қолжетімді ету, – деді ол.
 width= Жүздесу барысында ауыл тұрғындары атынан сөз сөйлеген абыз ақсақал Алдамжар Алтынбеков кандидаттардың көпшілікке танымал азаматтар екендігін айта келе, Президентіміздің көреген саясаты нәтижесінде тәуелсіз Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастықта үлкен беделге ие болғанын жеткізді. Сондай-ақ қоғамның жақсы үрдіске бет алғанын, кәсіби Парламент болу үшін дұрыс таңдау жасалу қажеттігін, халық сенімінен шығатын тәжірибесі мол азаматтарды қолдау керектігін айтты. Сонымен қатар кездесу барысында депутаттар «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар мен алдағы жоспарларға тоқталып өтті. Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Дулат Әбетжанов пен Арман Рахмашев кәсіпкерлік, шағын және орта бизнесті қолдауда мемлекеттің жүзеге асырып отырған жобалары жайлы сөз қозғап, ауыл шаруашылығы саласындағы азаматтардың сұрақтарына жауап берді.
Үгіт-насихат жұмысы – кез келген сайлаудағы маңызды кезең. Бүгінде аталмыш мәндегі жұмыстар қарқынды түрде іске асырылуда. Халықтың бірінші сұранысы – жайлы тұрмыс пен тұрақты жұмыс. Жеке баспана, лайықты жалақы, сапалы білім мен медицина қарапайым тұрғындар үшін қолжетімді болуы керек, - деді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Дулат Әбетжанов.
Арман Рахмашев Баянауыл ауданындағы туризм саласы, сапалы жол, жемқорлықпен күрес мәселесі, жастарды жұмысқа орналастыру және оларға қажетті жағдай жасау маңызды қадамдардың бірі екендігін айтты. ҚР Парламенті Мәжілісіне және жергілікті мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталғаны белгілі. Осы маңызды саяси науқан аясында «AMANAT» партиясынан сайлауға түсіп жатқан үміткерлер Баянауыл ауданына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиында Қаратомар, Теңдік ауылдары мен аудан орталығының тұрғындары кәсіпкерлікті дамыту, жайылымдық жер мәселесі, ауыз су, жол, азық-түлік бағасын тұрақтандыру сияқты мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті. Кандидаттар жергілікті кәсіпкерлердің ұсыныс-тілектерін тыңдап, алдағы уақытта оның шешу жолдарын қарастыратынын атап өтті. Кездесу соңында үміткерлер Баянауыл ауданының жұртшылығын 19 наурызда өтетін сайлауға қатысып, белсенді дауыс беруге шақырды.  width= Дайындаған: «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А Тапсырыс беруші: И.С. Теренченко Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары