Астанада 30 жастағы ер адам екі қызға шабуыл жасады

Астанада 30 жастағы ер адам екі қызға шабуыл жасады

Астанада 30 жастағы ер адам екі қызға шабуыл жасады
ашық дереккөзі
50231
Астанада көңіл көтеру орындарының бірінде 30 жас шамасындағы ер адам екі қызға күш көрсетіп, жарақаттаған деп хабарлады turkystan.kz ZTB парақшасына сілтеме жасап. Жәбірленуші қыздың айтуынша, ер адам Астанадағы тіс емханалардың бірінде балалар тіс дәрігері болып жұмыс істейді. Олар 18-ақпан күні «барда» танысып, бәрі бір салада жұмыс жасайтындарын біліп, құрбысын да сол сәтте таныстырыпты.
«Құрбым әжетханаға бара жатқанда, қаскөй соңынан еріп, оған жыныстық алымсақтық жасады. Ол қорғану үшін ер адамды итеріп жіберді, нәтижесінде жігіттің көзілдірігі сынды. Құрбым мұны айтқан бойда мен такси шақырдым», - деді қыз.
Құрбылардың айтуынша, сыртта такси күтіп тұрған кезде ер адам олардың соңынан күрек сияқты затпен келіп «сендерді ешкім таба алмайтындай көміп тастаймын» деп қорқытқан. Сол кезде оның пышағы бар екені анықталып, ер адам суық қарумен қыздардың бірінің қолын жарақаттап үлгерген. Қыздар жарақатын таңу үшін жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, кейін полиция бөлімшесіне барған. Байқоңыр бөлімшесінің ІІО-да бес сағаттай уақыт өткізді.
«Полиция қызметкерлері бізді кінәлі етіп көрсетуге тырысты. «Көзілдірігін сындырып, ашуына тидіңдер» деп айтты. Тіпті «құрбың өзі ер адамды еліктірмеді ме?» деп те сұрады. Мәселені тыныш жапқысы келіп, А.-ны біз отырған жерге алып келді», - деді жәбірленуші.
Астана Полиция басқармасы оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, Байқоңыр аудандық полиция басқармасының қызметкерлері дене жарақатын салу фактісі бойынша 30 жастағы құқықбұзушыны анықтағанын хабарлады. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, істің мән-жайы анықталуда.  width=

Серіктес жаңалықтары