15 жастағы қызды зорлап, өртеп жіберген қылмыскерге үкім шықты

15 жастағы қызды зорлап, өртеп жіберген қылмыскерге үкім шықты

15 жастағы қызды зорлап, өртеп жіберген қылмыскерге үкім шықты
ашық дереккөзі
Жетісу облысының Шолақай ауылында 15 жастағы Құралайды зорлап, өлтіріп, артынан өртеп жіберген қылмыскер өмір бойына сотталды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жантүршігерлік қылмыс жасаған 39 жастағы Рустам Ахметовке Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Ермаханов осындай жаза кесті. Үкім кезінде судья жаға ұстатар қылмыстың жай-жапсарын баяндады. Тергеу дерегінше, сотталушы алдымен 15 жастағы Құралайды зорлап, айуандықпен өлтірген. Содан соң қыздың жүрек тұсынан үш рет пышақ салғаны анықталған. Кейін бір метр тереңдікте жер қазып, қыз баланың ұялы телефонын сындырып, мәйітті өртеп, көміп тастаған екен. Айта кетейік, аталмыш қылмыс осыдан тура алты ай бұрын болған еді. Із-түзсіз жоғалып кеткен Құралай Қисабекті бүкіл Шолақай ауылының тұрғындары жанұшыра іздеген. Алайда тек 8 күннен кейін қыз баланың мәйіті табылған.