50232
Бүгін бірқатар өңірде қар жауып, көктайғақ болады
Бүгін бірқатар өңірде қар жауып, көктайғақ болады
«Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 20-сы күнгі күн райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, скандинавиялық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады – қар жауып, бұрқасындатады, батыс аудандарында және оңтүстікте – жаңбыр, қар жауады. Тек еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша көктайғақ болып, жел күшейеді, тұман түседі.