Қарағандыда полиция қызметкері қаза тапты

Қарағандыда полиция қызметкері қаза тапты

Қарағандыда полиция қызметкері қаза тапты
ашық дереккөзі
Қарағандының учаскелік полиция бекеттерінің бірінде тәртіп сақшысы көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қайғылы оқиға 19 ақпан сағат 14:40 шамасында болған. Ол жайында Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Қарағанды қаласындағы учаскелік полиция пунктінде учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ұлан Маратұлы Имашев кенеттен қайтыс болды. Дәрігерлердің алдын ала болжам бойынша қойған диагнозына сәйкес, жүрегі тоқтап қалған», - деп мәлімдеді департаменттен.
Қарағанды облыстық Полиция департаментінің басшылығы, Ардагерлер кеңесі және жеке құрамы әріптестерінің туған-туыс, жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.