Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісі азайған

Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісі азайған

Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісі азайған
ашық дереккөзі
Өткен жылы Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісі 36,1 млрд теңгеге немесе 18,2%-ға азайды деп хабарлады turkystan.kz Energyprom ресурсына сілтеме жасап. 2021 жылы фармацевтикалық компаниялар 198,7 млрд теңгеге өнім шығарса, өткен жылы ол 162,6 млрд теңгеге азайған. Дәрі-дәрмек өндіру 4,5% және фармацевтика саласында өзге де өндіріс 61,1% кеміген. Сондай-ақ, өндірістің азаюы коронавирусқа қарсы фармацевтикалық өнімдерді ауқымды көлемде шығаруды тоқтатумен байланысты. Бұл ең алдымен, «Спутник V» вакцинасына қатысты. Екпені Қарағанды фармацевтика кешені өндірді. Аталған мемлекеттік тапсырыс Қарағанды облысының 2021 жылы дәрі-дәрмек өндірісі бойынша көшбасшылар үштігіне кіруіне себеп болды. Сол кезде өңірдегі өндірістің жалпы көлемі 47,6 млрд теңгеге жетті. 2022 жылы вакцина шығару аяқталғаннан кейін көрсеткіш 2,5 есе немесе 19,1 млрд теңгеге дейін төмендеді. Нәтижесінде аталған өңір фармацевтикалық аймақтар тізімінде төртінші орынға жылжыды. Дәрі-дәрмек өндірісі бойынша көшбасшылар үштігі өткен жылды жақсы динамикамен аяқтады. Атап айтқанда, Шымкентте 57,6 млрд теңгеге (плюс 13%) дәрі-дәрмек өндірілді. Одан әрі Алматы облысының фармацевтикалық кәсіпорындары 39,5 млрд теңгеге (плюс 39,2%) және Алматы қаласы 18,7 млрд теңгеге (плюс 16,2%) өнім шығарды. Сонымен қатар, өткен жылғы статистика дәрі-дәрмек бойынша импорт көлемінің артқанын көрсетіп отыр. Былтыр қаңтар–желтоқсан айларында Қазақстан шамамен 1,4 млрд АҚШ доллары сомасына 26,4 мың тоннадан астам дәрі-дәрмек сатып алды.