Биыл жазда қант бағасы көтерілмейді – Досаев

Биыл жазда қант бағасы көтерілмейді – Досаев

Биыл жазда қант бағасы көтерілмейді – Досаев
ашық дереккөзі
50194
Бағаны тұрақтандыру бағдарламасы бойынша наурыз айында Алматыға алғашқы азық-түлік өнімдерін жеткізу басталады. Бұл туралы Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Әкіммен кездесуге келген тұрғынның бірі азық-түлік бағасының өсуіне байланысты түсініктеме беруін  сұрады.
«Алматы бағаны тұрақтандыруға ең көп қаражат бөлді – 15 млрд теңге. Көктемде наурыз айының ортасынан бастап біз алғашқы өнімдерді аламыз. Бағасы шұғыл көтерілетін позициялар бойынша бағаларды тұрақтандырамыз деп үміттенемін. Сонымен қатар Алматыда монополиялық “Алтын Ордадан” басқа көтерме жеткізушілер пайда болды (бүгінде қалаға көкөністердің, жемістер мен еттің 75%-ы “Алтын Орда” арқылы жеткізіледі). "Магнум" желісі жеткізушілермен тікелей жұмыс істей бастады, соның арқасында бағалар төмендеді. Қалған сауда желілері басқа жолдарды табады деп үміттенемін», – деді Ерболат Досаев.
Әкім қанттың да құны көтерілмейді деп отыр.
«Біз Ақсу қант зауытымен 2,6 млрд теңгеге шарт жасадық. Жазда қант бағасы көтерілмейді деп үміттенемін. Өзіңіз білесіз, нанның бағасы көтерілген жоқ, өйткені, біз оны субсидиялаймыз - жергілікті бюджеттен қосымша ақша бөлдік. Өкінішке орай, азық-түлік емес тауарлардың бағасы да өсуде, бұл –факт. Жалпы, геосаяси жағдайға байланысты көлік логистикасы бұзылды, бірақ бірте-бірте біздің компаниялар түрлі жолдарды іздейді, жаңа жеткізушілер пайда болды», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары