50473
Қазақстан интернеті ең арзан елдер қатарына кірді
Қазақстан интернеті ең арзан елдер қатарына кірді
Қазақстан мобильді интернеті ең арзан елдер қатарына кіреді. Елімізде 1 Гб мобильді интернеттің орташа құны 0,37 АҚШ долларын құрайды деп хабарлады turkystan.kz Ranking.kz ресурсына сілтеме жасап.
Британдық Cable талдау ресурсының мәліметінше, өткен жылы 1 Гб мобильді деректердің орташа құны бойынша 233 елдің ішіндегі Израиль (0,04 $), Италия (0,12 $), Сан-Марино (0,14 $), Фиджи (0,15 $) және Үндістанда (0,17 $) ең арзан болып шықты.
Зерттеу көрсеткендей, инфрақұрылымы жақсы жолға қойылған елдер ранкингтің «арзан» бөлігінде орналасқан. Талшықты-оптикалық желілер және дамыған мобильді және кең жолақты инфрақұрылым абоненттерге трафикті төмен бағамен ұсынуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда мобильді интернет құны әлемдегі ең төмен бағалардың бірі ғана емес, жылдық динамика жағынан алғанда да қысқарған. Мәлімет бойынша, 2021 жылы Қазақстанда 1 Гб мобильді интернеттің орташа бағасы 0,59 АҚШ долларын құрады. 2019 және 2020 жылдары бұл көрсеткіш 0,49 және 0,46 долларға түсті.