Тұман, бұрқасын: 9 өңірде ескерту жарияланды

Тұман, бұрқасын: 9 өңірде ескерту жарияланды

Тұман, бұрқасын: 9 өңірде ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
50206
«Қазгидромет» РМК 17 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Түнде Ақтөбе облысының орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде өңірдің орталығында, күндіз оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Ұлытау облысының солтүстігінде тұман болжанады. Түнде өңірдің батысында, күндіз басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с құрайды. Күндіз Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстік-шығыста екпіні 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Жел батыстан соғады, облыстың орталығында күндіз күші 15-20 м/с құрайды. Қарағанды облысының солтүстігінде тұман болжанады. Күндіз өңірдің батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с құрайды. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен солтүстігінде көктайғақ болады. Өңірдің батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с. Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарда тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23 м/с жетуі ықтимал. Күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстігі мен солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең өңірдің шығысында тұман болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с құрайды. 18 ақпанда Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 17-18 ақпанда облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары