Түркияда жүрген астаналық құтқарушының сәбиі дүниеге келді

Түркияда жүрген астаналық құтқарушының сәбиі дүниеге келді

Түркияда жүрген астаналық құтқарушының сәбиі дүниеге келді
ашық дереккөзі
50258
Түркияда жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысып жатқан елордалық жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Рахметов Олжастың төртінші баласы дүниеге келді. Бұл туралы Астана қаласы ТЖД жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Олжас 1994 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Елордалық ТЖ департаментінде 2022 жылдан бастап өзінің біліми әрекеттерімен кәсіби маман ретінде көрсете білді. Жұмыстағы жоғары көрсеткіштері мен үлгілі қызметі үшін бірнеше ведомстволық марапатқа ие болған. Біздің құтқарушымызды сәбиінің өмірге келуімен шын жүректен құттықтай отырып, анасы мен қызына зор денсаулық, ал Олжасқа елімізге, отбасына аман-есен оралуын тілейміз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары